Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығару тәртібі қандай?
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша ғана жол беріледі. Еңбек шартын тоқтату үшін жұмыс берушінің заңды негізі болуы тиіс, ол белгіленген рәсімді сақтай отырып, жұмыстан шығаруды тиісті құжаттармен ресімдеуге міндетті.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек қатынастарын тоқтату негізі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабымен, ал тоқтату тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 53-бабымен реттеледі.