Жұмыс беруші жалақыны төлемесе не істеу керек?
Жұмыскер ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясым комитетінің СҚО бойынша департаментіне жұмыс беруші туралы мәліметтерді, берешек кезеңін және бұзушылық мән-жайларын көрсете отырып, өтініш жолдауы қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын растайтын қолда бар құжаттарды қоса беру керек.
Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі (ҚР ЕК 113-бабының 1-тармағы).