Қаржы басқарушысы кім бола алады?
Қаржы басқарушысы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы әрекет ете алады.
Қаржы басқарушысы ретінде қызметті бастау туралы хабарламаны келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады:
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын әкімші;
кәсіби бухгалтер;
аудитор;
заң консультанты.
(Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 15-бабы).