Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын өткізу тәртібі айқындалған.
    Борышкердің мүліктік массасын сату қаржылық басқарушы арқылы электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісімен, мүлікті сату жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
    Таңдалған сату тәсілі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында мүлікті ең тиімді бағамен сатуды қамтамасыз етуі тиіс.
    Борышкердің мүліктік массасын сату жоспары кредиторлар тізіліміне енгізілген кредиторларға қарау үшін жіберіледі. Кредиторлар жобаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсыныстар мен ескертулер енгізуге құқылы.
    Осылайша, сату бағасы мен тәсілі қаржылық басқарушы мен кредиторлар арасында сату жоспары шеңберінде айқындалады.
    Электрондық аукцион өткізу тәртібі уәкілетті орган бекіткен қағидалармен реттеледі (2023 жылғы 2 наурыздағы №231 бұйрық). Тікелей сату тәртібі жеке түрде реттелмейді, өйткені ол сатып алушыны еркін таңдауды көздейді және тараптар арасындағы қатынастарды қосымша регламенттеуді талап етпейді.
    Сондықтан тікелей сату кезінде қаржы басқарушысы мүлікті сату жоспарында белгіленген баға бойынша өзі сатып алушыны анықтап сатады. Сатып алушыны іздеу заңнамада тыйым салынбаған тәсілдермен, соның ішінде Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сияқты сайттар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көлік салығын қалай төлеуге болады?

    Жауап

    Көлік салығын төлеу жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 104402 төлем мақсатының коды (ТМК) -911, егер өсімпұл есептелген болса, онда ТМК – 912 қолданылады. Салықты төлеу үшін иелері көліктерінің бірегей нөмірін – 17 таңбадан тұратын...

    Сұрақ

    Көлік салығы-2025: қазақстандықтар нені білуі керек?

    Жауап

    ҚР Салық Кодексінің 567-бабына сәйкес 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жеке тұлғалар 2025 жылға автокөлік салығын төлеуге міндетті. Айта кету керек, оны есептеу үшін 2025 жылы АЕК қолданылды (3 932 тенге). ҚР СК-нің 565-бабына сәйкес автомобиль салығының мөлшері АЕК-ке және салық мөл...

    Сұрақ

    Таңбалау және акциздер бойынша 2026 жылы не күтіледі?

    Жауап

    2026 жылы акцизделетін тауарларды таңбалауға да, салықтық басқаруға да әсер ететін бірнеше маңызды өзгерістер енгізілуде: Тауарлардың ұлттық каталогы (ҰКТ) — міндетті тіркеу ҰБТ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық тауарлар каталогының (ҰБТ) жаңа жүйесі қолданысқа енгізіледі. Таң...

    Сұрақ

    Қандай тауарлар акциздік таңбалауға жатады?

    Жауап

    Таңбалауға жататын акцизделетін тауарлар: Темекі өнімдері (акциздік маркалар). Кейбір жағдайларда сыра мен шараптан басқа алкогольдік сусындар (есепке алу және бақылау маркалары). Маңызды сәт: акциздік таңбалау-бұл тауарларды цифрлық таңбалаудан бөлек арнайы жүйе және тауарлардың...

    Сұрақ

    2026 жылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою шегі қандай айналым болып табылады?

    Жауап

    ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою шегі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы 10 000 АЕК мөлшерін құрайды. Шектен асқан жағдайда салықтық өтініш шектен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

    Сұрақ

    Мен арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданамын. ҚҚС бойынша есепке тұруым қажет пе?

    Жауап

    Арнайы салық режимдерін, оның ішінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қоюдан босату көзделген.

    Сұрақ

    2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270-нысан) кімдер тапсыруы қажет?

    Жауап

    Кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына тұлғалар тапсырады: 1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес...

    Сұрақ

    Базалық салықтық шегерімнің мөлшері қандай?

    Жауап

    2026 жылдан бастап базалық салықтық шегерім айына 30 АЕК құрайды. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы 360 АЕК-тен аспауға тиіс.