Жеке тұлға 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?
Декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы):
-бірінші рет жасалған құқық бұзушылық – ескерту;
-бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл.
Салықтардың төмендетілуіне әкеп соқпаған толық емес/дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы):
-бірінші рет жасалған құқық бұзушылық – ескерту;
-бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық – 3 АЕК мөлшерінде айыппұл.
Салық салуға жататын мүлікті немесе кірістерді, оның ішінде шетелдегі мүлік пен кірістерді жасырғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 275-бабы):
-бірінші рет жасалған құқық бұзушылық – төленбеген салық сомасының 200%-ы мөлшерінде айыппұл;
-қайталап жасалған құқық бұзушылық – 300% мөлшерінде айыппұл.
Декларацияларды ұсыну мерзімдері:
250.00 нысаны – декларация тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей;
270.00 нысаны – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.