ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МЕН ХЕҰ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МЕН ХЕҰ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министр Асқарбек Ертаев пен Халықаралық еңбек ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының орынбасары Эммануэль Жульеннің кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан Республикасында лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі Жол картасының іске асырылуын, еңбек заңнамасын жетілдіру және еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.

    Жол картасы бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Олар: еңбек инспекциясы арқылы жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; әлеуметтік диалогты дамыту, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлесу бостандығын қамтамасыз ету; ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу; әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау; еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалаудың барлық түрін жою.

    ХЕҰ өкілдері Қазақстанның лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі Жол картасын іске асыру барысына жоғары баға беріп, жоспарланған іс-шаралардың орындалуында елеулі үдеріс бар екенін атап өтті. Әсіресе ең төменгі жалақы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ жұмыскерлерді қудалаудан қорғау бағыттарындағы нәтижелерге назар аударылды. Сонымен қатар тараптар әлеуметтік диалогты дамыту, әлеуметтік әріптестік институтын нығайту және халықаралық еңбек стандарттарын енгізу бағытындағы алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Министр мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысын жетілдіруге қатысты әзірленген ұсыныстар туралы хабарлады. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау тәртібін тікелей Еңбек кодексінде бекіту. Бұл өзгерістер жұмыскерлердің құқықтары бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

    Кездесуде Лайықты еңбек жөніндегі Елдік бағдарламаны әзірлеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тараптар әлеуметтік қорғау, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектінің жұмыспен қамтуға әсері салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.

    Сонымен қатар тау-кен өндіру секторындағы еңбекті қорғау мәселелеріне арналған бірлескен жобаның нәтижелерін және мемлекеттік еңбек инспекторларын, кәсіпорын мамандары мен кәсіподақ өкілдерін оқытуды жалғастыру перспективаларын талқылады. Оқыту бағдарламасы қауіп-қатерлерді анықтау және өндірістік тәуекелдердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Кездесу соңында Жол картасын одан әрі пысықтау мен Лайықты еңбек жөніндегі Елдік бағдарламаны әзірлеу мәселелерін талқылау үшін әлеуметтік әріптестердің қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

    Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қызметшілердің деструктивтік діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Департамент қызметкерлеріне құқықтық оқу өткізілді.

    Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес,Мемлекеттік қызметшілердің деструктивтік діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында25.11.2026ж.Қызылорда облысының дін істері басқармасының Дін мәселелерінің зерттеу орта...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    2026 жылғақұқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес,Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Бухарбаевамен 19.11.2026ж.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдарға мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтер мен оңалту құралдарын алуға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық жүйе. Порталдың негізгі мақсаты – әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қызмет алушыларға қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (бұдан әрі – МӘС) 2026 жылғы 16 қарашада Арал, Қармақшы аудандарына және Төретам кентінде көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағасы мен медициналық мекемелер дәрігерлерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ?

    🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ? Жұмысынан айырылған немесе жаңа жұмыс іздеп жүрген азаматтар бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіптік білім алу, біліктілігін растау, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану және өз ісін ашу үшін бірқатар цифрлық сервистерге жүгіне...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ

    🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІН ЕНГІЗУДЕ Цифрлық жұмыспен қамту қызметі аясында мансап орталықтарының өтінішке негізделген жұмыс тәртібі мен бір реттік кеңес беру тәжір...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі тұрақты онлайн сабақтармен толықтырылды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ

    ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДЕН ӨЗ ЕРКІМЕН БАС ТАРТУ СЕРВИСІН 729 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНДЫ Еңбек министрлігі 2026 жылғы қазанда іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланғанын хабарлайды. Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті т...