Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер
    ЖаңалықтарАяқталды
    1. Жіті немесе асқыну сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
    2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
    3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
    4. Қатерлі жаңа өскіндер.
    5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
    6. Нашақорлықтың және созылмалы алкоголизмнің барлық түрі. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстар (аурулар) (бұдан әрі – ПМБ), ұзақ мерзімді дәрілік емес ремиссия кезінде, психикалық симптомдардың өршуінсіз, әлеуметтік қауіпті әрекеттерге бейім емес, жағдайы тұрақтанған, динамикалық психиатриялық бақылаудың 2В тобындағы ПМБ балаларды қоспағанда, ДКК немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр дәрігерінің қорытындысы бар.
    7. Эпилепсия:

    ұстамалармен (фокальды, жалпыланған), оның ішінде жүргізілетін емдеуге төзімді;

    ақыл-ой кемістігі, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы.

    Әр түрлі генездің эпилепсиялық синдромдары

    1. Синкопалдық жай-күйі.
    2. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
    3. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
    4. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторийлік-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
    5. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
    6. 3-дәрежелі дистрофия.
    7. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі, III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі.
    8. Елеулі улану кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар.
    9. Декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі.
    10. Терінің іріңді аурулары, терінің инфекцияның аурулары (қышыма, микоз аурулары және басқалар).
    11. 2-3-дәрежелі анемия.
    Медициналық-әлеуметтік сараптама

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Сәйкестік туралы декларация бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

    Сәйкестік туралы декларация бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат Сәйкестік туралы декларация – салынған объектінің Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын ресми құжат.Аталған құжат объектінің қауіпсіз пайдалануға дайын екендігін, сондай-ақ...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі

    Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету – өмірлік қиын жағдайда жүрген, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі шектелген және бөгде адамның көмегіне мұқтаж азаматтарға олардың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған қызмет түрі. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – қызмет...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен күнделікті азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары жүргізілуде

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында азаматтарды зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша жеке қабылдап, қолданыстағы заңнама тал...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

    «2026 жылға арналған құқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы» бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Махановамен 22.10.2026ж. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиал (бұдан әрі-Ф...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі туралы

    Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету – өмірлік қиын жағдайда жүрген, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі шектелген азаматтарға күндізгі уақытта әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған қызмет түрі. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – қызмет алушылардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік бей...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары арасында құқықтық оқу өткізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А. Махановамен 2026 жылғы 20 қазанда бөлім қызметкерлеріне «2027 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібін...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?

    Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады. ▪️C санатына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады. ▪️D санатындағы отбасылардың...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету.

    «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» туралы ақпаратты таныстырып өтемін (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығынан). Ортопедиялық аяқ киім – бұл науқас адамда табан деформаци...