АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
    КездесуАяқталды

    АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    Халықаралық қарттар күніне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова зейнеткер Саржанова Шайзада Исақызына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

    Шайзада Исақызы 1941 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1964 жылы Талдықорған бухгалтерлік мектебін «бухгалтер-кассир» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 17 жасында мектепті аяқтағаннан кейін Талдықорған ауданындағы «Победа» атындағы колхозда бастаған. Кейіннен қаладағы Мемлекеттік банкте, сондай-ақ қорғасын аккумуляторлары зауытында еңбек етіп, осы жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарған. Жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.

    Шайзада Исақызы бүкіл ғұмырын адал еңбекке арнап, қоғамның дамуына лайықты үлес қосты. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Екі баланы тәрбиелеп өсірген ардагердің бүгінде екі немересі мен жеті шөбересі бар.

    Кездесу барысында департамент басшысы З.Илимжанова, әдеп жөніндегі уәкіл Д.Жолтаева, департамент ардагері А.Альпанова Шайзада Исақызына көп жылғы адал еңбегі мен өнегелі өмір жолы үшін шынайы алғысын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тіледі.

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев, Департаменттің зейнетақы және ә...

    КездесуАяқталды

    Еңбек күні қарсаңындағы кездесу!

    Еңбек күніқарсаңындағыкездесу! 2026 жылғы 22 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Еңбек күні қарсаңында, жылы әрі ізгі ниетті атмосферада «Темірбетон» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова...

    КеңесАяқталды

    «Ашық микрофон» рубрикасы.

    «Ашық микрофон» рубрикасы.Бүгін «Ашық микрофон» айдары аясында «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінде департамент басшысының м.а. мен қызметкерлерінің қатысуымен жылы әрі ашық атмосферада кездесу өтті.Іс-шараға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі а...

    СұхбатАяқталды

    Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

    Ағымдағы жылы 2 қыркүйекте Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Департамент басшысының м.а. С.Булебаев және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Койчибаев Жетісу облысындағы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер және 2026 жылдың 8 айында Департаменттің атқарған...

    Диалог алаңыАяқталды

    «Заң мен тәртіп» идеалогиясы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясына департамент қызметкерлері қатысты

    «Заң мен тәртіп» идеалогиясы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б. Акимбеков қатысты....

    КеңесАяқталды

    Комитеттің аумақтық бөлімшелері тарапынан объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін растау функциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес

    25 тамызда ағымдағы жылы Жетісу облысы әкімдігінің ғимаратында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова, Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысы Т.Бектасов, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі...