Еңбек күні қарсаңындағы кездесу!

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Еңбек күніқарсаңындағыкездесу!

    2026 жылғы 22 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Еңбек күні қарсаңында, жылы әрі ізгі ниетті атмосферада «Темірбетон» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова, Департаменттің зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Қойшыбаев және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бөлімінің басшысы Ш.Әбішев қатысты.

    «Темірбетон» ЖШС өз қызметін 1999 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын өңір халқын жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарады, 676-ға жуық тұрақты жұмыс орнын ұсынады. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты — құрастырмалы темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіру. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 189 мың тоннаны құрайды.

    Кездесу барысында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Кәсіпорын қызметкерлері зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелеріне, оларды есептеу ерекшеліктеріне, сондай-ақ тиісті төлемдерді рәсімдеу және алу тәртібіне қызығушылық танытты.

    Ашық диалог барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.

    Кездесу соңында Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова «Темірбетон» ЖШС қызметкерлерін алдағы Қазақстан Республикасының Еңбек күні мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, жаңа кәсіби жетістіктер және еңбек қызметінде табыс тіледі.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Зейнеткерлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!»

    «Зейнеткерліккедайындықты бүгіннен бастаңыз!» 2026 жылғы 06 қарашада «Зейнеткерлікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!» тақырыбында азаматтарға арналған құқықтық жалпыға бірдей түсіндіру аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметті...

    КездесуАяқталды

    Департаментте «Ашық есік күні» өтті

    🎙️Департаментте «Ашық есік күні» өтті2026 жылғы 29 қазанда Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде өңір тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» өтті.Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түсіндір...

    КездесуАяқталды

    «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу

    2026 жылғы 20 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.«Мүмкіндігі шектеулі балала...

    КездесуАяқталды

    Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығының қызмет алушыларымен кездесу

    2026 жылғы 13 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларымен кездесу өткізді. Талдықорған қаласындағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығ...

    КездесуАяқталды

    АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

    АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ Халықаралық қарттар күніне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова зейнеткер Саржанова Шайзада Исақызына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Шайзада Исақызы 1941 жылғы 25 қазанд...

    КездесуАяқталды

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев, Департаменттің зейнетақы және ә...

    КеңесАяқталды

    «Ашық микрофон» рубрикасы.

    «Ашық микрофон» рубрикасы.Бүгін «Ашық микрофон» айдары аясында «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінде департамент басшысының м.а. мен қызметкерлерінің қатысуымен жылы әрі ашық атмосферада кездесу өтті.Іс-шараға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі а...

    СұхбатАяқталды

    Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

    Ағымдағы жылы 2 қыркүйекте Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Департамент басшысының м.а. С.Булебаев және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Койчибаев Жетісу облысындағы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер және 2026 жылдың 8 айында Департаменттің атқарған...