
2026 жылғы 20 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, қазіргі таңда 52 бала қамтылған.
Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Орманов қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселелер, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы, сондай-ақ орталық қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың сапасын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету – басты назарда.