«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 09 қазанда сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІХ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі:
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-34/17 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/1 «Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
- «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».