"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 23 "Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы", 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 24 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы" қаулыларына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты келесі құрамдардағы бос орындар туралы хабарлайды:
учаскелік сайлау комиссиясы: № 315-1, 321-1, 323-1, 334-1, 337-1, 340-5, 346-1, 347-1, 371-1, 375-1, 806-5.
округтік сайлау комиссиясы: № 1-1, 7-2, 9-1.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына қатысты жоғары тұрған органдар 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз форматтағы сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, толыққанды және толыққанды емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.
Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мәслихаттың орналасқан жері: Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32/13.
Жауапты тұлға – Мәжкеев Жасұлан Сүлейменұлы, тел.: 8 (71636) 79-104, [email protected]