Бурабай аудандық мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Мәслихат – жергілікті өкілетті орган ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына Қазақстан Республикасының заңдарымен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЭфирде

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ Қазақстанда «Оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау және кітап мәдениетін дамытуға бағытталған ірі ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі тілдік лигада өтеді. Жоба 7 арнайы бағытты қамтиды: «Оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары үшін; «Оқитын колледж» — колледж студенттері үшін; «Оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері үшін; «Оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары үшін; «Оқитын әулет» — отбасылық командалар үшін; «Оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер үшін; «Оқитын зияткер» — жас ерекшелігі мен қызмет түріне шектеу қойылмайтын барлық азаматтар үшін. Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 шығарманың ішінен 15 кітап оқуы тиіс. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және заманауи туындылар енгізілген. Сондай-ақ кітаптарды іріктеу барысында жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар мен әлемдік бестселлерлер, соның ішінде әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары шығармалары да ескерілген. Негізгі оқу кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталып, 2027 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде қысқаша пікірлерін жариялайды. 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу және зияткерлік викториналар өткізіледі. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге. Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның басты мақсаты тек байқау аясымен шектелмейді. Мына мәтінді алдыңғы ақпаратқа қосып, ресми әрі бірізді түрде былай беруге болады: Қатысу үшін: reading-nation.kz цифрлық платформасына өтіп, тіркеліңіз. Ұсынылған кітаптар тізімімен танысыңыз. Кітаптарды оқып, тест тапсырыңыз. Кітап оқыған сайын ой-өрісіңіз өсіп, біліміңіз толығып, көкжиегіңіз кеңейе түседі! Іске сәт! Кітаптарды қайдан алуға және қалай оқуға болады? Ұлттық электронды кітапхана – kazneb.kz Серіктестердің цифрлық платформалары – Яндекс Книги және Kitap.kz Кітапханалар мен кітап дүкендерінен алуға болады.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

    Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, елдігіміз бен егемендігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, бірлігімізді нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімімізді бекемдейтін қастерлі күн. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз өркендеп, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    23 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің филиалдарына хабарлама

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 23 "Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы", 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 24 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы" қаулыларына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты келесі құрамдардағы бос орындар туралы хабарлайды: учаскелік сайлау комиссиясы: № 315-1, 321-1, 323-1, 334-1, 337-1, 340-5, 346-1, 347-1, 371-1, 375-1, 806-5. округтік сайлау комиссиясы: № 1-1, 7-2, 9-1. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына қатысты жоғары тұрған органдар 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз форматтағы сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, толыққанды және толыққанды емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс. Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады. Мәслихаттың орналасқан жері: Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32/13. Жауапты тұлға – Мәжкеев Жасұлан Сүлейменұлы, тел.: 8 (71636) 79-104, [email protected]

    25 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 09 қазанда сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІХ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-34/17 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/1 «Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

    6 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші залында , сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІХ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: 1. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». 2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы№ 7С-34/17 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» 08 сентября 2026 года, в малом зале районного акимата, 10.00 часов созывается ХLVІІІ (внеочередная) сессия Бурабайского районного маслихата восьмого созыва с повесткой дня: О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 19 декабря 2025 года № 8С-39/1 «О районном бюджете на 2026-2028 годы», и др.

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Шешім

    «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

    2026 жылғы 09 қазан 8С-49/4 «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын ережелерін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8С-32-6 шешіміне сәйкес, Бурабай ауданы әкімінің ұсынымы негізінде, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ерекше еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілсін: 1) Ақанов Болат Аубайұлына; 2) Ахметжанов Рахим Вяминовичке; 3) Бейсенов Омырбай Бейсенұлына; 4) Нұртазин Уразкен Ермекұлына; 5) Молдахметова Бағила Ахметқалиқызына; 6) Проскурин Павел Васильевичке; 7) Радченко Николай Антоновичке; 8) Сипульдин Сәкен Сабыржанұлына; 9) Сугинбаева Ғалия Амангелдіқызына; 10) Тишков Сергей Васильевичке. Атақ берілген тұлғаларға «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» куәлігі, «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» медалі берілсін. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Бурабай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Т.Джапаров

    Жарияланды:
    Шешім

    Об утверждении повестки дня ХLІХ (внеочередной) сессии Бурабайского районного маслихата восьмого созыва

    2026 жылғы 09 қазан 8С-49 Сегізінші шақырылған Бурабайаудандық мәслихатының ХLІХ(кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының ХLІХ (кезектен тыс) сессиясы жалғасының келесі күн тәртібі бекітілсін: «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-34/17 «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/1 «Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-13/2 «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы». Бурабай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Т.Джапаров

    Жарияланды:
    Шешім

    «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

    2026 жылғы 08 қыркүйек 8С-49 Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін: Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/13 «2026-2028 жылдарға арналған Бурабай ауданының Бурабай кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/14 «2026-2028 жылдарға арналған Бурабай ауданының Абылайхан ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/22 «2026-2028 жылдарға арналған Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 «Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Бурабай ауданында шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы»; «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы». Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М. Нұрпанова

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLVІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

    20 тамыз 2026 жыл 8С-47 Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLVІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының ХLVІІ сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін: «Аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есеп беруі туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы». Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

    Жарияланды: