Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің филиалдарына хабарлама

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 23 "Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы", 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 24 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы" қаулыларына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты келесі құрамдардағы бос орындар туралы хабарлайды:

    учаскелік сайлау комиссиясы: № 315-1, 321-1, 323-1, 334-1, 337-1, 340-5, 346-1, 347-1, 371-1, 375-1, 806-5.
    округтік сайлау комиссиясы: № 1-1, 7-2, 9-1.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына қатысты жоғары тұрған органдар 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз форматтағы сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, толыққанды және толыққанды емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.

    Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32/13.

    Жауапты тұлға – Мәжкеев Жасұлан Сүлейменұлы, тел.: 8 (71636) 79-104, [email protected]

    Сайлау

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруЭфирде

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ Қазақстанда «Оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау және кітап мәдениетін дамытуға бағытталған ірі ұлттық бастамал...

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

    Құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, елдігіміз бен егемендігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, б...

    23 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 09 қазанда сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІХ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бур...

    6 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-деаудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттыңХLІХ(кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: 1. «...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» 08 сентября 2026 года, в малом зале районного акимата, 10.00 часов созывается ХLVІІІ (внеочередная) сессия Бурабайского районного маслихата восьмого созыва с повесткой дня: О внесении...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 20 тамызда, сағат 10.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLVIІ сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Өзіне жүктелген...

    11 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 30 маусымда, сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLVІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Б...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

    ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған жауапты әрі маңызды қызмет...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей