
Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, елдігіміз бен егемендігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, бірлігімізді нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімімізді бекемдейтін қастерлі күн.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Қазақстанымыз өркендеп, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!