ҚР Салық кодексінің 536 бабының тізбесінде айқындалған акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын темекі өнімдеріне келесі мөлшерлемелер бойынша акциз салынады:
Филтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар және сигариллалар: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 18 051 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 21 163 теңге.
Сигаралар: 1 данасы үшін – 825 теңге.
Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтынушылық ыдысқа салынған және түпкілікті тұтынуға арналған шөңке (трубка), шегілетін, қорқор (кальян) темекісі және өзге де темекі: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 килограмына 15 863 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 килограмына 18 835 теңге.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және басқалары): 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 11 230 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 11 330 теңге.
Кедендік құны 10,0 мың теңгеден асатын темекі өнімдерінің (сигаралардың) импорты (жеке тұтынуды қоспағанда): 1 данасы үшін теңгедегі құнының 10%-ы.
Егер ҚР Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарлар бойынша акциз салық салу объектісі орналасқан жер бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.
Темекі өнімдеріне салынатын АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕРІ
- Кезең
- Алматы уақыты (UTC+5)
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Анонс
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРҚұрметті салық төлеушілер!6 қараша күні сағат 11:00-де келесі тақырыпта тікелей эфир өтеді:«Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын өткізуі кезінде мүліктік табыстың туындауы».Эфир барысында мүліктік табыстың туындау жағдайлары, оны анықтау тәртібі және мүлікті сату кезіндегі салық міндеттем...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ: КТС 3%, 6% НЕМЕСЕ 20% ҚАЙ КЕЗДЕ ТӨЛЕНЕДІ?
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІ: КТС 3%, 6% НЕМЕСЕ 20% ҚАЙ КЕЗДЕ ТӨЛЕНЕДІ?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) сараланған мөлшерлемелері қолданылады.Басты қағида: салық мөлшерлемесі кооперативтің мәртебесіне немесе ЭҚЖЖ кодына ғана емес, нақт...
ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?
ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: 2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?Екі салық режимін қатар қолдануға бола ма? Қандай салықтардан босатылады? Фермерлер үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған арнайы салық режимі қолданылады.Ең маңызды ақпаратты т...
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?Сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреміз.Мысалы, азамат 2025 жылы пәтерді сыйға алып, 2026 жылы оны сатуға шешім қабылдады. Мұндай жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндетт...
Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет
Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 18 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан жоғары жеңіл автомобильдерге акциз салу көзделге...
@SALYQBOT ЦИФРЛЫҚ САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа салықтық және кедендік мәселелер бойынша жедел түсіндіру көмегін көрсету, халықтың хабардарлығын арттыру және кері байланыс алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған «@SalyqBot» Telegram чат-бот...
САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ
Салық төлеуші (салық агенті):салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі...
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату кезіндегі ЖТС: жиі жіберілетін қателерЖылжымайтын мүлікті немесе көлік құралын сатқан кезде құн өсімінен табыс туындап, ЖТС төлеу міндеттемесі пайда болуы мүмкін. Бұл сыйға немесе мұраға алынған мүлікке де қатысты.Салықтың есептелуі мүліктің түріне, оны иелену мерзіміне және сату құны...