Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
    БейнеконференцияАяқталды

    Сыйға алынған пәтерді сату кезінде ЖТС төлеу міндеттемесі қашан туындайды?
    Сыйға алынған жылжымайтын мүлікті сату кезінде жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреміз.
    Мысалы, азамат 2025 жылы пәтерді сыйға алып, 2026 жылы оны сатуға шешім қабылдады. Мұндай жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеттемесі туындай ма?
    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 382 және 383-баптарына сәйкес, тұрғын жылжымайтын мүлікті сату кезінде салықтық міндеттемелер мүлікке иелік ету мерзіміне және құн өсімінен кірістің болуына байланысты айқындалады.
    Құн өсімінен кіріс қашан туындайды?
    Егер пәтерге меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелсе және пәтер бір жылдан аз уақыт меншікте болса немесе меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркеліп, пәтер екі жылдан аз уақыт меншікте болса, оны сату кезінде құн өсімінен кіріс туындауы мүмкін.
    Құн өсімінен кіріс сату бағасы мен жылжымайтын мүліктің бастапқы құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
    Өтеусіз алынған пәтерді сату кезінде бастапқы құн Салық кодексінің нормаларына сәйкес айқындалады. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын жылжымайтын мүлік үшін меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік салығын есептеу мақсатында белгіленген бағалау құны қолданылады.
    Нені ескеру қажет?
    Егер мүлікті сату нәтижесінде салық салынатын кіріс туындаса, жеке тұлға ЖТС-ты өз бетінше есептейді, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады және салықты заңнамада белгіленген мерзімде төлейді.
    Бұл ретте салықтық міндеттемелерді айқындау үшін меншік құқығының мемлекеттік тіркелген күнін, жылжымайтын мүліктің түрін және Салық кодексінің қолданылатын нормаларын ескеру қажет.
    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату мәмілесін жоспарлау кезінде салықтық міндеттемелерін алдын ала нақтылауды ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    БейнеконференцияАяқталды

    Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет

    Құны жоғары жеңіл автомобильді сатып алу кезінде акциз төлеу қажет2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 18 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан жоғары жеңіл автомобильдерге акциз салу көзделге...

    БейнеконференцияАяқталды

    @SALYQBOT ЦИФРЛЫҚ САЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ

    Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа салықтық және кедендік мәселелер бойынша жедел түсіндіру көмегін көрсету, халықтың хабардарлығын арттыру және кері байланыс алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған «@SalyqBot» Telegram чат-бот...

    БейнеконференцияАяқталды

    САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАСТАУ ТУРАЛЫ

    Салық төлеуші (салық агенті):салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға;тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастауға құқылы.Салық төлеуші қызметі қайта басталған кезде салықтық есептілікті ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі...

    БейнеконференцияАяқталды

    САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

    Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату кезіндегі ЖТС: жиі жіберілетін қателерЖылжымайтын мүлікті немесе көлік құралын сатқан кезде құн өсімінен табыс туындап, ЖТС төлеу міндеттемесі пайда болуы мүмкін. Бұл сыйға немесе мұраға алынған мүлікке де қатысты.Салықтың есептелуі мүліктің түріне, оны иелену мерзіміне және сату құны...

    БейнеконференцияАяқталды

    20 қазанда салық есептілігі нысандарын тапсыру және салықтар мен төлемақыларды төлеу мерзімі аяқталады

    20 қазанда салық есептілігі нысандарын тапсыру және салықтар мен төлемақыларды төлеу мерзімі аяқталады2026 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей:1. Келесі салық есептілігі нысандарын (СЕН) тапсыру қажет:328.00-нысан – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;851.00-нысан – 2026 ж...

    БейнеконференцияАяқталды

    Темекі өнімдеріне салынатын АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕРІ

    ҚР Салық кодексінің 536 бабының тізбесінде айқындалған акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын темекі өнімдеріне келесі мөлшерлемелер бойынша акциз салынады:Филтрлі, фильтрс...

    БейнеконференцияАяқталды

    САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР ҚҚС БОЙЫНША МІНДЕТТІ ТІРКЕУ ШЕГІНЕН АСЫП КЕТУ

    ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінен асып кету2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын салық төлеушілер үшін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 000 АЕК құрайды.Белгіленген шектен асып кеткен жағдайда ҚҚС бойынша тіркеуге уақтылы тұру маңызды.СІЗДІҢ ЖАҒДАЙЫҢЫЗ:Тауарларды, жұмыстарды ж...

    БейнеконференцияАяқталды

    БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ БОЙЫНША СҰРАҚ-ЖАУАП

    БАНКРОТ ДЕП ЖАРИЯЛАНҒАННА КЕЙІН ОНЫҢ ҚАРЫЗДАРЫ ҚАНША УАҚЫТ ІШІНДЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ?Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелері соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және борышкердің банкрот деп танылғаны туралы хабарландыру «электрондық үкімет» веб-порталына орналастырылған күннен бастап тоқтатылады.