
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінен асып кету
2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын салық төлеушілер үшін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 000 АЕК құрайды.
Белгіленген шектен асып кеткен жағдайда ҚҚС бойынша тіркеуге уақтылы тұру маңызды.
СІЗДІҢ ЖАҒДАЙЫҢЫЗ:
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖКК) өткізу кезінде ДК және заңды тұлғалар ҚҚС шегінің шектелуі туралы (10 000 АЕК) хабарсыз болғандықтан ҚҚС бойынша шекті шегінен асып кетуіне жол береді.
Кейін салықтық бақылау нәтижесінде олар ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігіне сәйкес асып кеткен соманың 15%-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.
ҚАЛАЙ ТҮЗЕТУГЕ БОЛАДЫ?
Күнтізбелік жыл ішінде айналымы белгіленген шектен асқан салық төлеушілер ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қоюға жатады.
2026 жылдан бастап айналымның шекті мөлшері 10 000 ΑΕΚ - 43 млн теңгені құрайды (2026 жылғы АЕК — 4 325 теңге).
Бұл шек салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын салық төлеушілер үшін ғана белгіленген.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мерзімін бұзғаны үшін салық төлеуші ӘҚБтК-нің 269-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады (50 АЕК мөлшерінде айыппұл).
Сондай-ақ тіркеу есебіне қойылмаған кезенде айналым жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 275-бабының бесінші бөлігіне сәйкес айыппұл көзделген (айналым сомасының 15%-ы).