«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ
    КездесуАяқталды

    Шымкент қаласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік көмекті қолжетімді ету мақсатында «Халық заңгері» акциясы өтті.
    Іс-шара барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша тиісті сала мамандарынан тегін кеңес алды. Акцияға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың мамандары, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары және басқа да мамандар қатысты.
    Іс-шараға Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Нұрлан Есіркепов Тұрсынбекұлы қатысып, азаматтарға мемлекеттік сатып алу саласына қатысты мәселелер бойынша түсіндірме берді.
    Қабылдау барысында азаматтар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға, сатып алу рәсімдеріне, құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.
    Басқарма маманы азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты сұрақтар бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.
    «Халық заңгері» акциясы азаматтардың құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тікелей кеңес алуына мүмкіндік беріп, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

    9 ақпанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бар замандар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күніне қатысты екі дерек бар: ресми құжаттарда 9 ақпан көрсетілген, ал анасының естеліктерін...

    КонференцияАяқталды

    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды

    2025 жылғы 3 қараша күні Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен қала аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардағы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды қарау бойынша жиын өтті. Жиынға қалалық басқармалар мен аудан әкімдері аппараттарының өкілдері, сондай-ақ оларға қарасты коммуналдық мем...

    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша мәжіліс өтті 2025 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Моральдық-психологиялық қауіпсіздік: құрмет мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мәжіліс өткіз...