Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды
    КонференцияАяқталды

    2025 жылғы 3 қараша күні Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен қала аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардағы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды қарау бойынша жиын өтті. Жиынға қалалық басқармалар мен аудан әкімдері аппараттарының өкілдері, сондай-ақ оларға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Кездесу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталмау деректері талқыланды. Прокуратура тарапынан анықталған бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылықтар көрсетіліп, оларды жою бойынша нақты шаралар ұсынылды. Прокуратура өкілдері жауапты тұлғаларға заң талаптарын бұлжытпай сақтау қажеттігін ескертіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын қорытындысы бойынша әр мемлекеттік орган мен мекемеге мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық, әділ және тиімді өткізуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Шымкент қаласы прокуратурасы алдағы уақытта да мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына тұрақты түрде қадағалау және талдау жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын болады. орысшаға аудар қатесіз ұйқасымен бірге

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

    9 ақпанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бар замандар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күніне қатысты екі дерек бар: ресми құжаттарда 9 ақпан көрсетілген, ал анасының естеліктерін...

    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша мәжіліс өтті 2025 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Моральдық-психологиялық қауіпсіздік: құрмет мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мәжіліс өткіз...