Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті
    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    2025 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Моральдық-психологиялық қауіпсіздік: құрмет мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

    Мәжіліске басқарма басшысының орынбасары төрағалық етіп, басқарма қызметкерлерімен бірге Шымкент қаласының әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.

    Жиында келесі мәселелер талқыланды:

    мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау;

    ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру;

    қызметтік әдеп нормаларын сақтау;

    әлеуметтік желілердегі мәдениетті қарым-қатынас деңгейін жоғарылату;

    жеке тұлғаға қолсұғушылықтың алдын алу және оған қатысты құқықтық аспектілер.

    Мемлекеттік қызметшілердің абыройына нұқсан келтіретін, қорлайтын пікірлердің таралуына жол бермеу және құқықтық тұрғыдан жедел әрекет ету қажеттігі ерекше назарға алынды.

    Мәжіліс қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, қызметтік тәртіп пен корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жалғасын табатыны туралы шешім қабылданды.

    📸 Мәжілістен фотосуреттер тіркелді.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

    9 ақпанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бар замандар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күніне қатысты екі дерек бар: ресми құжаттарда 9 ақпан көрсетілген, ал анасының естеліктерін...

    КонференцияАяқталды

    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды

    2025 жылғы 3 қараша күні Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен қала аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардағы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды қарау бойынша жиын өтті. Жиынға қалалық басқармалар мен аудан әкімдері аппараттарының өкілдері, сондай-ақ оларға қарасты коммуналдық мем...