Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Бар замандар ақыны: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл
    ХабарландыруАяқталды

    9 ақпанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бар замандар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр.

    Мұқағали Мақатаев 1931 жылы қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күніне қатысты екі дерек бар: ресми құжаттарда 9 ақпан көрсетілген, ал анасының естеліктерінде 8 наурыз деп айтылады. Әдебиеттанушы, ақын Оразақын Асқардың айтуынша, 9 ақпан күні Мұқағали өзі ресми құжаттарда тіркеген.

    Ақынның әкесі Сүлеймен соғыста қаза тапқан. Сондықтан Мұқағалиге ерте жастан өмірдің ауыртпашылықтарын бастан кешіру тура келген. Ол ауылдық кеңестің хатшысы, мектеп мұғалімі, аудандық газет корреспонденты және радио дикторы болып жұмыс істеді. 1950 жылдардың басында ақынның алғашқы өлеңдері жарияланды.

    Мұқағали Мақатаев поэзиясының ерекшелігі — терең ой мен қарапайым тілдің үйлесімі. Оның шығармаларында адам мен табиғат арасындағы байланыс, туған елге деген сүйіспеншілік, анаға құрмет және өмір мен өлім туралы философиялық ойлар айқын көрініс тапқан. Ақынның белгілі шығармалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз!», «Сарыжайлау», «Үш бақытым», «Мен таулықпын», «Поэзия, менімен егіз бе едің?» секілді туындылар.

    Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаев аудармашылықпен де айналысып, әлем әдебиетінің классиктері — Уолт Уитмен, Данте Алигьери, Уильям Шекспир еңбектерін қазақ тіліне аударған.

    Ақын 1976 жылғы 27 наурызда өмірден озғанымен, оның шығармашылығы мектеп бағдарламасында, ғылыми зерттеулерде, әдеби кештер мен поэзия оқуларында өмір сүруін жалғастыруда. Мұқағалидің туындылары бүгінгі күнде де өзектілігін жоймаған, оқырмандардың жүрегінде рухани құндылық болып қала береді.

    Мұқағали Мақатаев — қазақ лирикасына жаңа тыныс әкелген, шығармалары «қазақ әдебиетінің алтын қорына» енген ұлы ақын.

    Ұқсас материалдар

    КонференцияАяқталды

    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарды болдырмау мәселесі қаралды

    2025 жылғы 3 қараша күні Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен қала аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардағы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды қарау бойынша жиын өтті. Жиынға қалалық басқармалар мен аудан әкімдері аппараттарының өкілдері, сондай-ақ оларға қарасты коммуналдық мем...

    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік әдеп мәселелері бойынша мәжіліс өтті

    Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында моральдық-психологиялық қауіпсіздік пен корпоративтік этика мәселелері бойынша мәжіліс өтті 2025 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасында «Моральдық-психологиялық қауіпсіздік: құрмет мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мәжіліс өткіз...