«Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    Орган
    Орны
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері
    КездесуАяқталды

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты.

    Кештің шымылдығы Серік Бабахановтың сөзіне жазылған «Менің қос бәйтерегім» әнімен түрілді.

    «Алтын тау Алтайым» – бұл тек кітап қана емес, туған жерге деген перзенттік сағыныштың, өнерге деген адалдықтың және өмір жолында кездескен тағылымды сәттердің көркем шежіресі. Кездесу барысында Серік Сұлтанғалиұлы кітаптың жазылу тарихымен бөлісіп, Марқакөлдің көркем табиғатының шығармашылығына тигізген ықпалы, өнердегі алғашқы қадамдары, ән мен саздың адам өміріндегі орны туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жиналған қауым да өз сауалдарын қойып, өнер иесімен еркін пікір алмасты.

    Кештің салтанатты сәті – жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Бұл құрметті міндетті қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілдері мен мәдениет қайраткерлері атқарды. Олар жаңа туындыға ақ жол тілеп, автордың ұлттық өнерді дәріптеудегі еңбегіне жоғары баға берді.

    Салтанатты кеште Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Серікжан Әбдінұров, Еркін Шүкіманов, Толғанбай Сембаев, Ербол Айтпаев, Ерлан Рысқали, «Құрмет» орденінің иегері Ұлту Қабай жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық естеліктерімен бөлісті. Қонақтардың орындауындағы дәстүрлі әндер мен жүрекжарды тілектер кештің мазмұнын байытып, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатты.

    Өнердің қадірін ұлықтаған бұл жүздесу көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Алтын тау Алтайым» кітабы туған жерге деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды еңбек ретінде көпшілікке жол тартты.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей