21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды. Бұл музыкалық кеш әндері миллиондаған тыңдармандардың жүрегінен орын алып келе жатқан көрнекті өнер иелері — Батырхан Шүкенов пен Юрий Шатуновтың шығармашылығына арналды. Концерттік бағдарламаға Анара Шакенова, Эльдар Уадинов, Нұргүл Қабдоллаева, Әсем Рыспаева, Данияр Джаутиков, Евгений Выблов қатысты. Сахна төрінде шынайылыққа, жылулыққа және жүрекке жақын естеліктерге толы сүйікті әндер шырқалып, көрермендер мен өнерпаздарды ерекше рухани атмосферада тоғыстырды. Концерттік кеш шығармашылық маусымның жарқын да әсерлі қорытындысына айналып, қонақтарға ұмытылмас эмоциялар, сүйікті әуендер мен бірге өткізген әрбір шығармашылық сәт үшін алғыс сезімін сыйлады.
    Жаңа концерттік маусымда қайта қауышқанша!

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Мен жастарға сенемін!»: зияткерлік квиз

    12 тамызда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық Жастар күніне орайластырылған мазмұнды әрі салтанатты іс-шара өтті. Белсенді де білімді қатысушылар үшін «Мен жастарға сенемін» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, сонымен қатар тақырыптық кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мағ...

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасындаШығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...