«Журналистика жүрек ісі» кездесу

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті.

    Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналистикадағы алғашқы қадамдары, ұзақ жылдар еңбек еткен «Дидар» газетінің өз өміріндегі орны, шығармашылықтағы ұстанымы мен кәсіби тәжірибесі жайында кеңінен әңгімеледі.

    Шара барысында Қазақстан Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы сөз сөйлеп, Ғафура Сәрсенбайқызының өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Кездесуде қаламгерге «Қазақстанның Құрметті журналисі» медалі табысталды.

    Кешке қатысқан журналист, аудармашы Жұмағазы Игісін, Айтұхамбет Қасым мен Уәлихан Тоқпатаев әріптестері ретінде естеліктерімен бөлісіп, Ғафура Сәрсенбайқызының адамгершілік болмысы мен шығармашылық еңбегіне жоғары баға берді.

    Еркін форматта өткен жүздесу оқырмандардың белсенді қатысуымен жалғасып, пікір алмасу алаңына ұласты.

    Кеш музыкалық тартулармен әрленіп, соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ардагер журналистке ақжарма тілектерін арнады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Жырың болып төгілемін»: облыстық оқушылар айтысы

    22 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған шығармашылық додаға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Өскемен қаласындағы мектептерден 13 жас ақын қатысты. Байқаудың мақсаты – дәс...

    КездесуАяқталды

    «Экология өзімізден басталады»: Танир Яссамен кездесу

    21 қазанда А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстықкітапханада «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі Ясса Танирмен жастар кездесуі өтті. Кездесу «Таза Қазақстан» қоғамдық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетке, жеке жауапкершілікке және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мү...

    КездесуАяқталды

    «Мен жастарға сенемін!»: зияткерлік квиз

    12 тамызда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық Жастар күніне орайластырылған мазмұнды әрі салтанатты іс-шара өтті. Белсенді де білімді қатысушылар үшін «Мен жастарға сенемін» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, сонымен қатар тақырыптық кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мағ...