«Мен жастарға сенемін!»: зияткерлік квиз

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    12 тамызда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық Жастар күніне орайластырылған мазмұнды әрі салтанатты іс-шара өтті. Белсенді де білімді қатысушылар үшін «Мен жастарға сенемін» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, сонымен қатар тақырыптық кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

    Мағжан Жұмабаевтың рухты жырын ұран еткен зияткерлік квиз тартысты да қызықты өтті. Ойынға қатысушылар тек білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын да байқатты. Сайыс сұрақтары Абай Құнанбайұлының мұрасы, «Таза Қазақстан» экоакциясы және Жаңа Конституциядан бастап, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен заманауи жастар өміріне қатысты басқа да өзекті тақырыптарды қамтыды.

    Іс-шара аясында қонақтар мен оқырмандар үшін арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме сөрелеріне Абай Құнанбайұлының шығармалары, тарихи-өлкетану бағытындағы еңбектер, сондай-ақ жастардың тұлғалық дамуына арналған мотивациялық және психологиялық әдебиеттер қойылды. Келушілер өлке тарихына бойлап, өзін-өзі дамытуға арналған пайдалы кітаптармен танысуға мүмкіндік алды.

    Мұндай кездесулер жастардың интеллектуалдық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатып, жаңа білімге және үздіксіз дамуға ынталандырады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Жырың болып төгілемін»: облыстық оқушылар айтысы

    22 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған шығармашылық додаға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Өскемен қаласындағы мектептерден 13 жас ақын қатысты. Байқаудың мақсаты – дәс...

    КездесуАяқталды

    «Экология өзімізден басталады»: Танир Яссамен кездесу

    21 қазанда А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстықкітапханада «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі Ясса Танирмен жастар кездесуі өтті. Кездесу «Таза Қазақстан» қоғамдық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетке, жеке жауапкершілікке және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мү...