Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Көлеңкелі экономика бойынша комисси

    2026 жылғы 30 маусымда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Мұлқайдың төрағалығымен қаржылық саладағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған отырыс өтті.

    Шараға шақырылған мемлекеттік сатып алу басқармасы мен облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты. Жиынның басты тақырыбы бір көзден сатып алу тәсілімен келісім шарттарды жасасу, яғни мемлекеттік сатып алу саласындағы тәуекелдер болды, олар бүгінгі таңда бюджет қаражатын тиімді пайдалануға төнетін ең елеулі қатерлердің бірі ретінде танылып отыр. Кездесу барысында атап өтілгендей, бұл саладағы құқық бұзушылықтардың негізгі көріністері — сатып алушылардың сөз байласуы, жалған бәсекелестікті ұйымдастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын негізсіз көтеру, сондай-ақ жалған құжаттарды пайдалану болып табылады.

    Жағдайды түзету және бюджетті қорғау үшін отырысқа қатысушылар бақылауды күшейту, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және жауапкершіліктің бұлтарылмастығы қағидатын іске асыру қажеттілігін белгіледі.

    Жиын барысында Департаменттің осындай бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған аналитикалық жұмыстарының нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Мектеп оқушыларына маңызды мәселелер туралы

    Орал қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропперлік,...

    КездесуАяқталды

    Қаржылық қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік

    «Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Орал трансформатор зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты...

    ҚұттықтауАяқталды

    Мектепке жол

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қолдау көрсетті. Отбасында мектеп жасындағы бес бала тәрбиеленіп отыр. «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға мектепке қажетті киім-кешек сатып алынды. БҚО бойынша ЭТТД қ...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Телебағдарламаға қатысу

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Л.Н. Уразғалиева «Aqjaiyq» телеарнасындағы «Свое время» тікелей эфир телебағдарламасына қонақ ретінде қатысты. Бағдарлама барысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және...

    ФорумАяқталды

    Спорттық-құқықтық форум

    «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын, «Адал адам» бастамасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеу аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты және Әділет департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер ар...

    КездесуАяқталды

    Кәсібилікке қадам

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жас қызметкерлері Ақтау қаласында өткен өңірлік жас қызметкерлер слетіне қатысты. Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша ЭТТД өкілдері қатысты. Слеттің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыларды жеті...

    ФестивальАяқталды

    AGROFEST 2026

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері өңірлік ауқымды «АгроФест-2026» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға қатысудағы негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және өңір тұрғындарын экономикалық қылмыстардың заманауи түрлерінен қорғау. Фестиваль барысында ЭТТД...

    КездесуАяқталды

    Еңбек ұжымдарымен кездесу

    Еңбек ұжымдарымен кездесу Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Шараның басты тақырыбы — қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтыққа, соның ішінде фишингке қарсы іс-қимыл болды. Кездесу барысында ЭТД өкілдер...