AGROFEST 2026

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ФестивальАяқталды

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері өңірлік ауқымды «АгроФест-2026» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға қатысудағы негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және өңір тұрғындарын экономикалық қылмыстардың заманауи түрлерінен қорғау.

    Фестиваль барысында ЭТТД өкілдері ақпараттық-түсіндіру алаңын ұйымдастырып, «АгроФест» қатысушылары мен қонақтарына өзекті қаржылық тәуекелдер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақтандыруға, қаржы пирамидаларына тарту тәсілдеріне және заңсыз несие берудің тәуекелдеріне ерекше назар аударды.

    Ақпараттың түсініктілігін арттыру және есте сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департамент қызметкерлері тұрғындарға ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратты. Онда қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары, алаяқтарды қалай анықтау керектігі, инвестиция салу кезінде қандай жайттарға назар аудару қажет екендігі және экономикалық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы толық мәлімет берілген.

    Осындай профилактикалық іс-шараларды қала және облыс көлеміндегі бұқаралық іс-шаралар аясында өткізу кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік беріп, азаматтардың қаржылық алаяқтықтың құрбанына айналу қаупін едәуір төмендетеді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Мектеп оқушыларына маңызды мәселелер туралы

    Орал қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропперлік,...

    КездесуАяқталды

    Қаржылық қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік

    «Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Орал трансформатор зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты...

    ҚұттықтауАяқталды

    Мектепке жол

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қолдау көрсетті. Отбасында мектеп жасындағы бес бала тәрбиеленіп отыр. «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға мектепке қажетті киім-кешек сатып алынды. БҚО бойынша ЭТТД қ...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Телебағдарламаға қатысу

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Л.Н. Уразғалиева «Aqjaiyq» телеарнасындағы «Свое время» тікелей эфир телебағдарламасына қонақ ретінде қатысты. Бағдарлама барысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және...

    ФорумАяқталды

    Спорттық-құқықтық форум

    «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын, «Адал адам» бастамасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеу аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты және Әділет департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер ар...

    КездесуАяқталды

    Кәсібилікке қадам

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жас қызметкерлері Ақтау қаласында өткен өңірлік жас қызметкерлер слетіне қатысты. Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша ЭТТД өкілдері қатысты. Слеттің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыларды жеті...

    КездесуАяқталды

    Еңбек ұжымдарымен кездесу

    Еңбек ұжымдарымен кездесу Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Шараның басты тақырыбы — қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтыққа, соның ішінде фишингке қарсы іс-қимыл болды. Кездесу барысында ЭТД өкілдер...

    КездесуАяқталды

    Сақтансан, сақтармын

    ORAL:Сақтансан, сақтармын Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері егде жастағы азаматтарды қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық акцияны өткізді. Осы мақсатта қызметкерлер «Күміс жастағы» жандарға арналып, ашық аспан астында ұйымдастырылған арнайы би кешіне барды. Іс-шараның негізгі мақсаты — а...