
Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қолдау көрсетті.
Отбасында мектеп жасындағы бес бала тәрбиеленіп отыр. «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға мектепке қажетті киім-кешек сатып алынды.
БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларға қажетті қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына өз үлестерін қосты.
Осындай игі бастамалар қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп, балаларға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған.
Әр баланың жаңа оқу жылы қуанышпен, жақсы көңіл-күймен және өз күшіне деген сеніммен басталсын!