
«Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Орал трансформатор зауыты» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау мен күмәнді қаржылық операцияларға жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Заңды сақтау – қоғамның тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздіктің басты негізі.