«Желтоқсанның өшпес үні» – облыстық жас ақындар айтысы өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Желтоқсанның өшпес үні» – облыстық жас ақындар айтысы өтті
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына және Шығыстың қаһарман қызы Сәбира Мұхамеджанованы еске алуға арналған «Желтоқсанның өшпес үні» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

    Айтыс ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігі, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана және облыстық «Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің» бірлесуімен ұйымдастырылды.

    Рухани кешке 1986 жылғы тарихи оқиғаның куәгерлері – желтоқсаншылар, Сәбира Мұхамеджанованың құрбылары мен замандастары арнайы қатысып, жастарға ақ тілектерін білдірді.

    Айтысқа Өскемен, Тарбағатай, Зайсан, Риддер өңірлерінен келген мектеп оқушылары мен студенттерден құралған 10 жас ақын қатысып, ел тарихы, тәуелсіздік тағылымы, туған жер мен ұлт рухы туралы жыр толғап, өзара сөз сайысына түсті.

    Қазылар алқасының құрамында «Айтыстың Ақтаңгері», ҚР мәдениет қайраткері, ақын-журналист Серік Құсанбаев, ШҚО «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, облыстық «Ақтан Нұрбаев атындағы» ақындар мектебінің директоры Серік Қуанған болды.

    Жастар айтысы бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылардың суырыпсалмалық қабілеті, сөз саптауы мен ұлттық рухты жырлау шеберлігі бағаланды.

    Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Зайсан өңірінің намысын қорғаған Айғаным Балғабаева иеленді. І орын С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Асылбекқызы Аймерейге бұйырды. ІІ орынды жас ақын Ермеков Әли мен Мұратханұлы Мұхтар өзара бөлісті. Ал ІІІ орын Ержан Жания мен Тарбағатай өңірінен келген Оралбек Бауыржанға табысталды.

    Тағылымды шараның басты мақсаты – Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жас ұрпаққа насихаттау, Сәбира Мұхамеджанованың ерлігін ұлықтау және жас айтыскер ақындардың өнерін қолдау.

    Айтыс барысында жас жүйріктер жалынды жырларымен көрерменнің ықыласына бөленіп, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей