Бағалы қағаздар нарығын дамытудың стратегиялық басымдықтары CFO SUMMIT XIII саммитінде айтылды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Бағалы қағаздар нарығын дамытудың стратегиялық басымдықтары CFO SUMMIT XIII саммитінде айтылды
    СаммитАяқталды

    Алматы қаласында CFO SUMMIT XIII саммиті өтті, оның шеңберінде қаржы нарығын дамыту және корпоративтік басқару мәселелері талқыланды. Саммит жұмысына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов қатысты.

    Сөз сөйлеу барысында Нұржан Тұрсынханов банк секторын жүйелі жаңғыртудан кейін мемлекеттік саясаттың басымдығы экономикаға ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі көзі ретінде қор нарығына ауысатынын атап өтті.

    «Мемлекет басшысы біздің алдымызға ауқымды және стратегиялық маңызды міндет қойды – озық халықаралық практикалар мен қазіргі экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманың құрылымын кешенді қайта қарау. Осы міндетті іске асыру мақсатында Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеуге кіріседі», – деп атап өтті Нұржан Тұрсынханов.

    Жаңа заңды қабылдау капиталды экономиканың нақты секторына тиімді түрде қайта бөлуге қабілетті икемді және тұрақты экожүйені құруға бағытталған. Бұл жұмыс институционалдық, бөлшек және шетелдік қатысушылар есебінен инвесторлық базаны кеңейту, жеке сектор компанияларының қор нарығына шығуын ынталандыру, қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, қор нарығының жаһандық капитал нарықтарына ықпалдасуын арттыру, қор нарығында жаңа қаржы өнімдері мен инновацияларды енгізу, корпоративтік басқаруды дамыту және реттеуші модельді кешенді қайта жүктеу сияқты жеті негізгі бағыт бойынша құрылатын болады.

    Сонымен қатар, жаһандық капитал нарықтарына интеграцияны тереңдету, корпоративтік басқаруды жетілдіру және реттеудің барынша тәуекелге бағдарланған және икемді моделіне көшу жөніндегі шаралар көзделген. Осы шараларды іске асыру қор нарығын реттеудің икемділігін арттыруға мүмкіндік береді, инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта жасайды және капитал нарығын дамытуға ықпал етеді.

    «Жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманың өзектілігіне бағалау жүргізіледі және бағалы қағаздар нарығын реттеуге бірыңғай, жүйелік базалық тәсіл қалыптастырылады. Жұмыс ішкі қор нарығы мен АХҚО-ның синергиясын қамтамасыз ету, KASE өкілеттіктерін кеңейту және жүйелік тәуекелдерді бағалауға басымдық бере отырып қадағалау тәсілдерін қайта қарауға негізделетін болады», – деп атап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.

    Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы 2026 жылғы қыркүйекке дейін әзірленетін болады, Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заң жобасы биыл жылдың соңына дейін дайындалатын болады.

    Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей