Агенттік өкілі Лондондағы Kazakhstan Equity Capital Markets Day шарасына қатысты

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік өкілі Лондондағы Kazakhstan Equity Capital Markets Day шарасына қатысты
    ВыступлениеАяқталды

    Лондонда шетелдік инвесторлар үшін «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған Kazakhstan Capital Markets Day іс-шарасы өтті.

    Kazakhstan Equity Capital Markets Day әлеуетті инвесторлар Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығын дамыту туралы өзекті деректермен және халықаралық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына қатысу перспективаларымен таныса алатын алаң болып табылады.

    Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ қаржы және даму институттарының өкілдері қатысты.

    Өз сөзінде Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    «Акциялардың нарықтық капитализациясы жыл басынан бері 22%-ға ұлғайып, 73 млрд долларға жетті және ЖІӨ-нің 28%-ын құрады. Айналыстағы корпоративтік облигациялардың жалпы көлемі – 26 млрд доллар. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында компаниялар қор нарығы арқылы 15,7 миллион доллар тартты. Инвесторлардың қатысуы өсуін жалғастыруда: елімізде 4,6 млн астам бөлшек және корпоративтік шоттар ашылды, бұл қаржылық сауаттылықтың өсуі, цифрлық құралдарды дамыту және жаңа IPO өткізудің нәтижесінде мүмкін болды», - деп хабарлады Айдын Дәулетбақ.

    Сондай-ақ, спикер цифрландыру қазіргі уақытта дамудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп цифрлық қаржы активтері үшін айқын құқықтық негіз әзірлеуде. Цифрлық құралдар дәстүрлі бағалы қағаздар сияқты пруденциялық стандарттар бойынша реттелетін болады. Бұл шаралар Қазақстанның өңірлік қаржылық-технологиялық хаб болуға деген ұмтылысын қолдай отырып, қауіпсіз және инновациялық цифрлық нарық үшін негіз болмақ.

    Сөзін қорытындылай келе, Айдын Дәулетбақ Агенттіктің негізгі бастамаларының бірі — «Бағалы қағаздар нарығы туралы» жаңа заңды әзірлеуді ұсынды, оның мақсаты бағалы қағаздар нарығын, исламдық қаржыны және цифрлық активтерді реттейтін заңнаманы бірыңғай келісілген құқықтық жүйеге біріктіру болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей