Қазақстанда микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер субъектілерін қадағалаудың екі деңгейлі жүйесін енгізу жоспарлануда

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстанда микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер субъектілерін қадағалаудың екі деңгейлі жүйесін енгізу жоспарлануда
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу бастамасын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шараға Агенттік басшылығы, Ұлттық Банктің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Ресей Банкінің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің өкілдері, сондай-ақ Ресей Федерациясының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (ӨРҰ) өкілдері қатысты.

    Бүгінгі күні микроқаржыландыру секторында 899 субъект жұмыс істейді. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінде 197 ұйым бар. А.ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша ұйымдардың несие портфелі 3,2 трлн теңгені құрап, 2021 жылдан бері 2 еседен астам өсті. Бұл ретте несие портфелінің 61%-ы немесе 1,9 трлн теңге бизнеске микрокредиттерге тиесілі.

    Сонымен қатар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың шағымдары санының өсуі байқалады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер субъектілеріне үздіксіз қадағалау жүргізеді. 2024 жылдан бастап қадағалау субъектілеріне қатысты 812 және 730 құжаттамалық тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 140 қадағалау шарасы қолданылды, 431 млн теңге сомаға 1 175 айыппұл шығарылды.

    «Тексеру нәтижелері бұзушылықтар тек микрокредиттер беру мәселелерімен ғана емес, сонымен қатар олардың қызметінің басқа аспектілерімен байланысты екенін көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, Агенттік жүйелі шара ретінде міндетті өзін-өзі реттеуді белгілеу жолымен микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер субъектілерін қадағалаудың екі деңгейлі жүйесін енгізуді ұсынады», - деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова.

    Агенттіктің Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбек Қазақстанда ӨРҰ енгізудің негізгі бағыттары туралы баяндама жасап, халықаралық тәжірибе осы құралдың нарықтағы орнықтылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі тиімділігін көрсетіп отырғанын атап өтті.

    Дөңгелек үстел барысында Ресей Федерациясының тәжірибесі жан-жақты қарастырылды. Ресей Банкінің өкілдері ӨРҰ енгізудің барлық аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

    Жалпы алғанда, кездесуге қатысушылар ӨРҰ институтын енгізу жөніндегі бастаманы оң бағалады және бұл үшін микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарығында барлық қажетті жағдайлар бар екенін атап өтті. Осы модельді табысты іске асыру нарық субъектілерінің тәртібін арттырады, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады, сондай-ақ нарықты дамытуға баса назар аудара отырып, теңгерімді реттеуді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ӨРҰ енгізу тетіктері бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

    Микроқаржы секторы

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей