Хабарлама!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Алматы облысының ауыл шаруашы­лығы басқармасы (бұдан-әрі Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі дала жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінімдерді 2025 жылдың 03 ақпан сағат 15-00 - ден бастап 07 ақпан сағат 15-00-ға дейін (5 жұмыс күнін ішінде) қабылдайды.

    Өтінімдер басқарманың [email protected] электондық поштасында және Қонаев қаласыҚұрлысшы көшесі, 12-үй, 2-қабат, 205-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады

    Жұмыс телефон нөмері: 8708 908 94 96

    Қағидаға сәйкес Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);

    2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

    3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

    4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

    5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

    6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

    7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

    8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

    мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

    мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;

    цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;

    «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

    9) көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

    10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

    11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

    12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.

    Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға комиссия отырысы өтеді.

    Комиссия отырысы өтетін орын: Қонаев қаласы Құрлысшы көшесі, 12-үй, 2-қабат, 205-кабинет мекенжайы бойынша (уақыты қосымша хабарланады)

    Барлық сұрақтар бойынша 8708 908 94 96 телефон нөмеріне хабарласыуға болады.

    Алматыоблысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Ауыл шаруашылығы

    Ұқсас материалдар

    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық диалог» порталында «Спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау

    «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлама жасалды. Осы хабарламағ...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).Конкурс келесі номинациялар бойынш...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «ҚАПШАҒАЙ БИДАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС мектеп пен колледж түлектерін Қытай Халық Республикасында демеушілік бағдарлама бойынша оқуға шақырады

    🎓 ҚЫТАЙДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ! 🏫 Оқу орны:Янчжоу политехникалық институты (Yangzhou Polytechnic Institute, YPI) 📚 Мамандығы:«Мехатроника» (инженерлік-техникалық факультет) ⚙️ Мехатроника – Цзянсу провинциясының басым мамандықтарының бірі. Бағдарлама күрделі электрмеханикалық жүйелерді қызмет көрсету, жөндеу ж...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қ...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Общественные места - территория взаимного уважения

    Қоғамдық орындар – өзара сыйластық аумағы. Саябақтар, алаңдар, гүлзарлар мен аулалар адамдардың демалып, қарым-қатынас жасауына арналған. Бұл кеңістіктердің баршаға жайлы болуы үшін қарапайым мінез-құлық нормалары мен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықт...

    22 маусым 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 16 маусымда «Ашық диалог» «Бас жоспарды әзірлеу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме бойынша қатыса аласыз https://dialo...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады

    Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсыныстарды сақтау қажет: бөгде адамдарға ЖСН-...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей