Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қол қойды:

    1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;

    2. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;

    3. «Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы»;

    4. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;

    5. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы».

    Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Аталған кодекс Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін, оны ұйымдастыру және өткеру тәртібін айқындайтын, сондай-ақ мемлекет функциялары мен міндеттерін іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледі.

    Конституцияның және жоғарыда аталған заңдардың мәтіндерімен ресми мемлекеттік баспа басылымдарында, Эталондық бақылау банкінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

    2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛЕТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

    Қосымша ақпарат

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Назар аударыңыз! Алматыны айналып өтетін теміржол желісінде 28 қараша күні кернеу беріледі!

    🚆 «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісінің құрылысы» жобасына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандары, сондай-ақ Алматы қаласының Алатау ауданы аумағында салынған учаскелерде 28.11.2026 ж. түйіспелі желіге 27,5 кВ жұмыс кернеуі беріледі ⚡️. ❗️ Электр қауіпсіздігі тал...

    27 қараша 2026 ж.Тікелей
    ТурнирАяқталды

    Еркін күрестен II Республикалық турнир

    2026 жылғы 14 – 15 қараша күндері Алматы облысында еркін күрестің дамуына елеулі үлес қосқан Мұқаш Рахимжановты еске алуға арналған еркін күрестен II республикалық турнир өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1А, №1 СДЮСШ. Жарыстың басталуы – 14 қараша күні сағат 10...

    14 қараша 2026 ж. – 15 қараша 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

    2026 жылдың 6 қараша күні сағат 10:00-де, Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді.Облыс әкімінің халықпен есепті кездесуінің тікелей көрсетілімі «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Аlmobl_akimdigi» парақшаларында жүргізіледі.

    6 қараша 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты

    2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Әжімуратов көшесі, 8, Іле ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 12:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары...

    31 қазан 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты

    2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 47А, «Triumpher» спорт кешені. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 13:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан келген 18–2...

    31 қазан 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының(әрі қарай - ӘМАТ) бағаларынтұрақтандыру жәнеАлматы облысының тұрақтандыру қорын қалыптастырумақсатында,«Қонаев» ӘКК» АҚ-ытауар өндірушілерден ӘМАТ-ынсатып алуғаөтінімдер мен коммерциялық ұсыныстарқабылдайтыны туралы хабарлайды, оның ішінде: ас тұзы(1кг пакетте)– 66тонна, қа...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!

    Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мем...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СұхбатАяқталды

    Назар аударыңыздар! Сауалнама!

    Алматы облысының әкімдігі «Ашық диалог» порталында дін мәселелері бойынша сауалнама жүргізілетінін хабарлайды. Сауалнамаға келесі сілтеме арқылы қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7192

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей