2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Әжімуратов көшесі, 8, Іле ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 12:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысады. Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері: 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг, 120 кг және +120 кг. Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері: 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг, 70 кг, 78 кг, 87 кг және +87 кг. Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері – өңірде ұлттық спорт түрлерін дамыту, жарысқа қатысатын спортшылардың шеберлігін арттыру, олардың техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, сондай-ақ алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын үздік спортшыларды іріктеу. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 31 қазанда финалдық белдесулер аяқталғаннан кейін өтеді. Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы». Байланыс телефоны: +7 707 251 0551 (Әсет Айтқали).
2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 47А, «Triumpher» спорт кешені. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 13:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан келген 18–21 жас аралығындағы спортшылар қатысады. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Оның жетеуі ерлер арасында, ал қалған жетеуі қыздар мен әйелдер арасында өтеді. Жарыстың мақсаты – жастар арасында джиу-джитсуды кеңінен насихаттау, жекпе-жек спортына және салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ желтоқсан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан республикасының джиу-джитсудан чемпионатына қатысатын Алматы облысының құрама командасын жасақтау. Сонымен қатар спорттағы тәртіп, өзара құрмет, қайсарлық пен адал бәсекелестік құндылықтарын дәріптеу көзделген. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 31 қазанда финалдық белдесулер аяқталғаннан кейін өтеді. Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы»және Алматы облысының джиу-джитсу федерациясы. Байланыс телефоны: +7 701 443 0025 (Латиф Юсупов).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ның (әрі қарай - ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру және Алматы облысының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында, «Қонаев» ӘКК» АҚ -ы тауар өндірушілерден ӘМАТ-ын сатып алуға өтінімдер мен коммерциялық ұсыныстар қабылдайтыны туралы хабарлайды, оның ішінде: ас тұзы ( 1кг пакетте ) – 66 тонна , қарақұмық жармасы (өлшемді) – 1 0 тонна , рожки (өлшемді) – 5 тонна . С атып алудың негізгі шарттары: 1) Жеткізу шартының бүкіл қолданылу кезеңіне сатып алудың тіркелген бағасы; 2) Келісім шартта көрсетілген Тапсырыс берушінің қоймасына дейін жеткізу; 3 ) Тауар үшін төлем – келісім ш арт сомасының 50% мөлшерінде алдын-ала төлем жасайды, қалған 50% т ауарды жеткізген кезде аударылады . Өтінімдер мен к оммерциялық ұсыныстар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қонаев қаласы, 18 шағын ауданы, Құрманғазы көшесі 31 немесе эл.мекен-жайы: [email protected] . Қосымша ақпарат келесі байланыс телефондары арқылы : 8 771 400 75 26 , 8 777 156 15 39 , «Қонаев» ӘКК» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті.
Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі. Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі. Өткізу орны: Қонаев қаласы, Жамбыл к-сі. 13, Қонаев қаласының Мәдениет үйі.
Алматы облысының әкімдігі «Ашық диалог» порталында дін мәселелері бойынша сауалнама жүргізілетінін хабарлайды. Сауалнамаға келесі сілтеме арқылы қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7192
Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық диалог» порталында «Спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме бойынша қатыса аласыз https://dialog.egov.kz/conference/5786
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Алматы облысы әкімдігінің ақпараты
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Алматы облысы әкімдігінің ақпараты
Жарияланды:
Ақпарат
Алматы облысы бойынша 2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Алматы облысы бойынша 2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Жарияланды:
Ақпарат
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Жарияланды:
Бюджет
Бюджетті жоспарлау сатысында Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті бойынша Азаматтық бюджет (нақтылау қазан)
Бюджетті жоспарлау сатысында Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті бойынша Азаматтық бюджет (нақтылау қазан)
Жарияланды:
Ақпарат
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулысына сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін. Осы қаулы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. Төраға М. Айтова Хатшы А. Канатова
Жарияланды:
Ақпарат
Избирательные округа и границы
Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары,аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-1-бабының 3-тармағына, 22-бабының 2-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарыныңкезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары, округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы хабарлаймыз: № 1 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д. Қонаев көшесі, 190А, Өнер мектебі. Сайлау округінің шекарасына Балқаш ауданы кіреді. Комиссия төрағасы – Садықбаев Данияр Сұлтанұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Абдрахманов Данияр Абдыманатұлы Комиссия хатшысы – Мешітбаева Венера Жолбайқызы Комиссия мүшелері: Тілеужанова Дариға Кұрманбекқызы, Нагашалин Бауыржан Альбекович, Диханбаев Нурсултан Ғалымбекұлы, Қасым Таңшолпан Қасымқызы. № 2 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қонаев қаласы, 4-шағынаудан, 62/2, орта мектеп-гимназиясы. Сайлау округінің шекарасына Қонаев қаласы кіреді. Комиссия төрағасы – Куздеубаева Эльмира Қамбарқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Нұрбаев Нұрлан Тлекұлы Комиссия хатшысы – Айтимбетова Гаухар Қанатбекқызы Комиссия мүшелері: Айтказинова Жанар Кайрбекқызы, Алимханова Жанар Насырқызы, Алдабергенова Аиым Алдабергенқызы, Қабдолла Біржан Қабдоллаұлы. № 3 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Алатау қаласы, «Еңбек» шағынауданы, Сарысу көшесі, №41, №7 жайлы мектебі. Сайлау округінің шекарасына Алатау қаласы кіреді. Комиссия төрағасы – Бағбаев Кадыржан Исаханұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Жазыбаев Меиршат Ерболұлы Комиссия хатшысы – Баймухамбет Қуаныш Серікұлы Комиссия мүшелері: Хойлан Әлия, Татарова Әсия Латифқызы, Алиаскарова Айымгүл Мендибайқызы, Нұрғазы Ғалымжан Жеңісұлы. № 4 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Алматы көшесі, №189А, №20 орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Іле ауданының Ақсай, Ащыбұлақ, Байкент, Күрті, А. Токпанов ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы – Сыдықбаева Гүлбосын Нурмуханқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Төребекова Саяш Мәдіқызы Комиссия хатшысы- Рабилова Айнұр Азатқызы Комиссия мүшелері: Алтынбекова Ақжаркын Даулетжанқызы, Буембаева Гүлім Съезбекқызы. № 5 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Іле ауданы, Қараой ауылы, Қаратал көшесі № 50, №49 орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Іле ауданының Өтеген батыр, Байсерке, Қараой ауылдық округтері, Боралдай кенті кіреді. Комиссия төрағасы – Байдаулетов Әлібек Әубакірұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Оскенбаева Меруерт Асанбаевна Комиссия хатшысы- Мусабекова Кымбат Еркінқызы Комиссия мүшелері: Смагулова Жулдыз Маратовна, Әліпбаева Динара Серікқызы № 6 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 53, Жамбыл ауданының мәдениет үйі. Сайлау округінің шекарасына Жамбыл ауданының Ұзынағаш, Жамбыл, Қарасу, Қарақастек, Талап, Аққайнар, Шиен ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы – Асубаева Гүлзада Советханқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Ешетов Ғабит Серікқұлұлы Комиссия хатшысы- Ахмет Айдана Бейсенқызы Комиссия мүшелері: Альжанова Ольга Александровна, Дюсебаева Динара Дюсюханқызы. № 7 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Досымбетов көшесі, 4Б, №3 Қарғалы орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Жамбыл ауданының Қарғалы, Ақсеңгір, Таран, Дегерес, Самсы, Үлгілі, Беріктас, Ақтерек, Мәтібұлақ, Шолаққарғалы, Мынбаев, Үңгіртас, Үлкен, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Теміржол ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы – Асқарова Гүлзат Жомартовна Комиссия төрағасының орынбасары – Мұхаметжан Ермухамет Еділұлы Комиссия хатшысы- Тастанкулова Сайраш Серикболқызы Комиссия мүшелері: Абдушукурова Жанар Муратқызы, Тойжанова Динара Абдикаримқызы. № 8 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Н. Гоголь көшесі, 44, Абай атындағы мектеп-гимназиясы. Сайлау округінің шекарасына Қарасай ауданының Қаскелең қаласы, Айтей, Бірінші Май, Жандосов ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы – Абдраманова Амина Мадиқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Айткенова Маржан Мурзахметқызы Комиссия хатшысы- Алекбарова Айнұр Нятуллақызы Комиссия мүшелері: Иманбекова Әсел Туражанқызы, Абдулова Алуа Асқарқызы. № 9 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, Дүйсеков көшесі, 121А, Жібек жолы ауылының мәдениет үйі. Сайлау округінің шекарасына Қарасай ауданының Жібек жолы, Шамалған, Жамбыл, Елтай ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Қайнарбаева Гүлмира Багашарқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Ермахашова Гүлмира Бахытқызы Комиссия хатшысы- Миргалиева Мадина Миргалиқызы Комиссия мүшелері: Асқарбаева Аяулым Қанатқызы, Жетпісбаева Ақмарал Ерхатқызы. № 10 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, Д. Қонаев көшесі, №80, Іргелі ауылының мәдениет үйі. Сайлау округінің шекарасына Қарасай ауданының Іргелі, Райымбек, Ұмтыл ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Нусіпова Ғазиза Қанатқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Апсаматов Өміржан Абдижадилұлы Комиссия хатшысы- Темиралиев Еркін Ахметұлы Комиссия мүшелері: Иманқұл Айдана Елдарқызы, Бауржанов Ринат Бауржанұлы. № 11 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 19А, ХҚКО ғимараты. Сайлау округінің шекарасына Кеген ауданы кіреді. Комиссия төрағасы- Атабай Әлішер Түлешұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Молдабаев Болат Сагатбекұлы Комиссия хатшысы- Еркежан Нұрмаманқызы Комиссия мүшелері: Акимбекова Фарида Аскарбекқызы, Мусақызы Шырын, Нурғожаева Бакыткүл Айболқызы, Сағынбеков Нұрман Сарсебекұлы. № 12 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, №57, №7 орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Талғар ауданының Талғар қаласы, Алатау ауылдық округі кіреді. Комиссия төрағасы- Уали Азат Аубакірұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Қасымбаев Ерғалым Накенұлы Комиссия хатшысы- Ордабаева Жанар Жарылқасынқызы Комиссия мүшелері: Баржикбаева Нұргүл Елтайқызы, Оспанкулова Сауле Арундрашитқызы. № 13 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, С. Әлиев көшесі, №54, №32 орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Талғар ауданының Белбұлақ, Бесағаш, Тұздыбастау, Бесқайнар, Гүлдала ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Тыштыбаев Айбек Қанатұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Керимбекова Меруерт Қасымбекқызы Комиссия хатшысы Мырзаханов Нурбахыт Рахимбекұлы Комиссия мүшелері: Құрманова Динара Амангельдіқызы, Жумабекова Динара Мырзағалиқызы. № 14 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талғар ауданы, Кеңдала ауылы, Қабанбай батыр көшесі, №2, №42 орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Талғар ауданының Кеңдала, Панфилов, Қайнар, Нұра ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Байсултанова Дария Созакбайқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Абдыкадырова Әлия Айтмырзанқызы Комиссия хатшысы-Күлсейтов Ермек Турсынжанқызы Комиссия мүшелері: Жакашбаева Жанар Байманапқызы, Нусипжанова Рысбала Мелсқызы. № 15 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі, 318, Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет үйі. Сайлау округінің шекарасына Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы, Ават, Бөлек, Байтерек, Жаңашар, Көктөбе, Саймасай ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Жұмаділова Айгерім Әбілсейітқызы Комиссия төрағасының орынбасары – Бурабаева Гүлмира Адильбайқызы Комиссия хатшысы - Малгаждарова Жанар Кушанқызы Комиссия мүшелері: Бегимов Темирхан Бадирадинұлы, Рабатова Анеля Серікқызы. № 16 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Еңбекшіқазақ ауданы, Байдібек би ауылы, Балағозов көшесі, 2А, Н. Островский атындағы орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Еңбекшіқазақ ауданының Байдібек би, Ақши, Балтабай, Қаракемер, Қырбалтабай, Рахат, Ташкенсаз, Түрген ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Тасиров Талғат Ракимұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Рахметуллаева Бахтыгүл Қадыркызы Комиссия хатшысы - Нусипова Куралай Турсынқызы Комиссия мүшелері: Ахметова Айгүл Мұратбекқызы, Жалтанбаева Индира Серікбайқызы. № 17 сайлау округі Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Қабылов көшесі, 2, Абай атындағы орта мектебі. Сайлау округінің шекарасына Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Асы, Бартоғай, Қазақстан, Қаражота, Қаратұрық, Қорам, Масақ, Малыбай, Сөгеті, Тескенсу ауылдық округтері кіреді. Комиссия төрағасы- Бекқожа Сағымбек Бөрібайұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Қурманиязов Талғат Даниярұлы Комиссия хатшысы - Нургазиева Жанат Ермекқызы Комиссия мүшелері: Қаскабасова Назерке Рахимжанқызы, Шаймұханбет Ұлпан Серікқызы. № 18 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, №17, ХҚКО-ның ескі ғимараты. Сайлау округінің шекарасына Райымбек ауданы кіреді. Комиссия төрағасы- Сатылғанов Самат Нақысбекұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Жантаева Мадина Жантайқызы Комиссия хатшысы - Жанахметова Алима Ибрайқызы Комиссия мүшелері: Әдепбаева Гүлбану Ақмолдақызы, Әділдақан Гүлзат Дәуренқызы, Дегенбаева Эльвира Турсынбайқызы, Саретбаев Ғабит Болатұлы. № 19 сайлау округі Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Ж. Құдайбергенов көшесі, 60, Ұйғыр ауданы бойынша Кірістер басқармасының № 2 ғимараты. Сайлау округінің шекарасына Ұйғыр ауданы кіреді. Комиссия төрағасы – Манапов Есбол Савутұлы Комиссия төрағасының орынбасары – Сартолов Қанат Әбілжанұлы Комиссия хатшысы – Мақсатов Руслан Майданұлы Комиссия мүшелері Джапарова Сяням Шукурқызы, Жамалдинов Марат Гуламдунұлы, Максимова Махпал Эльмуратқызы, Насыров Мырзабек Алимжанұлы. Комиссиялардың жұмыс кестесі: сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліссіз. Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы