Қайырымдылық концерт өткізіп беру туралы
Концерттік ұйымның қызметі - өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртiппен алынған бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Өткізілетін концерттер мен мәдени іс-шаралар жыл басында жасалған жоспарға сәйкес басқарма басшысымен бекітіледі. Аталған жоспарға қайырымдылық концерттер де алдын ала енгізіледі.
Жалпы қаржыландыру бюджет есебінен жүзеге асырылатын болғандықтан, жоспардан тыс қайырымдылық концерттер тек басқарманың тікелей келісімімен өткізіледі.
Осыған орай, қайырымдылық концертін өткізу үшін алдымен басқарманың келісімі қажет екенін хабарлаймыз.
Мақсаты:қайырымдылық концерттерді басқарманың келісімімен заңды түрде өткізу арқылы қоғамдық немесе әлеуметтік мақсаттарды қолдау.