2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КонкурсАяқталды

    Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).
    Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі:
    1. «Үздік еңбек династиясы»
    2. «Үздік жас өндіріс қызметкері»
    3. «Үздік жұмыс істейтін жастардың тәлімгері»
    «Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс. Еңбек жолын бұрын бастаған өкіл еңбек әулетінің басшысы болып танылады. Еңбек династиясының басшысы – еңбек қызметін ең алғаш бастаған тұлға болып танылады.
    Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
    «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
    «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
    Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
    * 1-ші кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
    * Өңірлік деңгейдегі бірінші кезең:
    * 1 шілдеге дейін — жергілікті атқарушы органдар арқылы өтініштер қабылданады
    * 10 тамызға дейін үздік еңбек әулеттері мен республикалық маңызы бар қала қызметкерлері арасында жеңімпаздар анықталады;
    * 2-ші кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бұрын айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады.
    * Республикалық деңгейдегі екінші кезең қазан айында өткізіледі, онда өңірлерден, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан таңдалған жеңімпаздар марапатталады.
    Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар 2 тілде ұсынылуы тиіс:
    * номинацияны көрсете отырып, конкурска қатысу туралы еркін түрде жазылған өтініш;
    * жеке куәліктің көшірмесі;
    * номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз);
    * қатысушы туралы 1-3 слайдтан тұратын компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылықтар, хобби және т.б.);
    * еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама;
    * Жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсынған ұсыным хаттары.
    Мүмкін болған жағдайда (құжаттардың көшірмелері):
    * мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттардың, грамоталар мен алғыс хаттардың көшірмелері
    * кәсіби біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда).
    Конкурсқа қатысу құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Алматы облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығына келесі мекен-жай бойынша тапсырылады: 2 ықшам ауданы, 15/1
    Сұрақтар бойынша телефон: +7 707 971 5737.

    Әлеуметтік қамсыздандыру

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Назар аударыңыз! Алматыны айналып өтетін теміржол желісінде 28 қараша күні кернеу беріледі!

    🚆 «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісінің құрылысы» жобасына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандары, сондай-ақ Алматы қаласының Алатау ауданы аумағында салынған учаскелерде 28.11.2026 ж. түйіспелі желіге 27,5 кВ жұмыс кернеуі беріледі ⚡️. ❗️ Электр қауіпсіздігі тал...

    27 қараша 2026 ж.Тікелей
    ТурнирАяқталды

    Еркін күрестен II Республикалық турнир

    2026 жылғы 14 – 15 қараша күндері Алматы облысында еркін күрестің дамуына елеулі үлес қосқан Мұқаш Рахимжановты еске алуға арналған еркін күрестен II республикалық турнир өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1А, №1 СДЮСШ. Жарыстың басталуы – 14 қараша күні сағат 10...

    14 қараша 2026 ж. – 15 қараша 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

    2026 жылдың 6 қараша күні сағат 10:00-де, Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді.Облыс әкімінің халықпен есепті кездесуінің тікелей көрсетілімі «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Аlmobl_akimdigi» парақшаларында жүргізіледі.

    6 қараша 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты

    2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында құраш күресінен облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Әжімуратов көшесі, 8, Іле ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 12:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары...

    31 қазан 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты

    2026 жылғы 31 қазанда Алматы облысында джиу-джитсудан U21 және ересектер арасындағы облыс чемпионаты өтеді. Өтетін орны: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 47А, «Triumpher» спорт кешені. Жарыстың басталуы: сағат 10:00. Салтанатты ашылу рәсімі: сағат 13:00. Чемпионатқа Алматы облысының қалалары мен аудандарынан келген 18–2...

    31 қазан 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының(әрі қарай - ӘМАТ) бағаларынтұрақтандыру жәнеАлматы облысының тұрақтандыру қорын қалыптастырумақсатында,«Қонаев» ӘКК» АҚ-ытауар өндірушілерден ӘМАТ-ынсатып алуғаөтінімдер мен коммерциялық ұсыныстарқабылдайтыны туралы хабарлайды, оның ішінде: ас тұзы(1кг пакетте)– 66тонна, қа...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!

    Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мем...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СұхбатАяқталды

    Назар аударыңыздар! Сауалнама!

    Алматы облысының әкімдігі «Ашық диалог» порталында дін мәселелері бойынша сауалнама жүргізілетінін хабарлайды. Сауалнамаға келесі сілтеме арқылы қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7192

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей