
ШҚО музей-қорығында Қазақстанның белгілі жазушысы, қоғам және саяси қайраткері, көп қырлы тұлға Ә. Кекілбаевтың мерейтойына арналған іс-шара өтті. Кездесуге қатысушылар жазушының шығармашылық мұрасымен танысып, Ә. Кекілбаевтың өмірі мен қызметі туралы М. Бекбаеваның телевизиялық жобасын тамашалады.