Агенттік басшысы Лондонда Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасына қатысты

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік басшысы Лондонда Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасына қатысты
    КездесуАяқталды

    30 қазанда Лондон қаласында Deutsche Bank қолдауымен «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) ұйымдастырған, шетелдік инвесторлар үшін Kazakhstan Equity Capital Markets Day іс-шарасы өтті.

    Іс-шара Лондонда орналасқан жетекшіәлемдік фирмалардың, халықаралық банктердің, рейтингтік агенттіктердің, инвестициялық компаниялардың, консалтингтік компаниялардың, оның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкінің, The Bank of New York Mellon, Moody's Ratings, Dentons UK & Middle East LLP және басқаларының 130-дан астам өкілдерін біріктірді.

    Кездесуге Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, KASΕ индексінің «көгілдір фишкалар» қазақстандық эмитенттерінің, қаржы институттары мен даму институттарының өкілдері қатысты.

    Kazakhstan Equity Capital Markets Day әлеуетті инвесторларға Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығының дамуы туралы өзекті ақпаратпен, халықаралық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына қатысуын кеңейту әлеуетімен танысуға мүмкіндік берді.

    Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова өз сөзінде елдік позицияны ағымдағы Frontier Markets (шекара нарықтары) деңгейінен FTSI және MSCI индекстерінің Emerging Markets (дамушы нарықтар) деңгейіне дейін, оның ішінде валюта нарығын ырықтандыру, бағалы қағаздармен кредиттеу, қысқа сатулар, институционалдық ортаның тұрақтылығын арттыру бөлігінде жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

    «Акциялар нарығы соңғы бес жылда 53%-ға өсіп, 69млрд АҚШ доллары болатын нарықтық капиталдандыруға жетті, бұл ІЖӨ-нің 27%- ына сәйкес келеді. Корпоративтік борыш көлемі 29 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл сайын нарыққа 30-ға жуық жаңа эмитент шығады. Соңғы бес жыл ішінде 19млрд АҚШ доллары мөлшерінде корпоративтік борыш тартылды», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

    Сапар аясында Агенттік басшылығы London Stock Exchange Group өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар FTSI нарықтарын жіктеуде Қазақстанның мәртебесін арттыру және LSE алаңы арқылы инвестициялар тарту мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Deustche Bank басшылығымен кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту және инвестициялар тарту, оның ішінде банк секторына инвестициялар тарту мәселелері қаралды.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқа...

    8 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы»форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қ...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОлимпиадаАяқталды

    Агенттік студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өткізді

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Болашақтың қаржысы: ұлттық экономиканы дамытудың сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктері» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиадаөткізді. Іс-шара «Тұран» университетінде Агенттіктің Fingram...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда «Капитал нарығы күні» дөңгелек үстелі өтті

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, KASE, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктердің, сақтандыру ұйымдарының, институционалдық инвесторлар өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық консультанттар мен сарапшылардың қатысуымен «Капитал н...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан мен АДБ Облигациялар нарығы бойынша нұсқауды ұсынады

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстан тарихындағы осындай алғашқы құжат – «Қазақстан үшін облигациялар нарығы бойынша нұсқаудың» (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғанын хабарлайды. Кешенді анық...

    4 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

    Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол» форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей