«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы
    ВыступлениеАяқталды

    «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

    25 қазан күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасын ұсынды.

    Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында кітапхана фойэсінде оқырмандар назарына арнайы «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.

    Бағдарлама аясында кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті. Үш тілде жарық көрген жинаққа Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау атауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі, Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз. Жаңа жинақ Шығыс Қазақстан атты киелі де таңғажайып өлкемізбен жақын танысуға жетелейді. Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы.

    Мереке күні кітапхананың «Білім орталығында» кітапханамыздағы жас оқырмандар үшін «Менің Қазақстаным» атты әдеби квест өткізілді. Ойынға қатысқан үміткерлер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

    Сонымен қатар колледж студенттері «Тәуелсіз елдің тұғыры» тақырыбында әдеби-тарихи диктант жазды. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтыды. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталады.

    Мереке күні қаланың жаңа аллеясында қала тұрғындары үшін интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде облыс әкімінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасы аясында биылғы жылы жарық көрген жерлес қаламгерлердің шығармашылығы және Шығыс Қазақстан жазушыларының QR көрмесі ұсынылды.

    Байланыс тел.: 26-13-33

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей