2026 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысына 23 шетелдік компаниялар мен делегациялардың өкілдері келді. Олардың қатарында Қытайдың «Xinjiang Jiahefeng Agricultural Supplies Co Ltd.», «Sanbao», «Wanjiang», «Huiju», «Chenzhou Xun Hui Kuang ye», «Hunan Junyang Environmental Protection Technology Co., Ltd.», «Beijing Construction Engineering Co., Ltd.», «Runjian Co., Ltd.», «Walle Reclamation» компаниялары, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС Басқарма төрағасы, Таяу шетел елдеріндегі корпоративтік сату департаментінің директоры, «LIDER FOOD IMPORT LLC», «KPMG» компаниясы мен Азия даму банкінің өкілдері, «ОРИКА» компаниясының өкілдері, «Asia Cailin Technology» ЖШС, «Jinhong SANY Machinery» компаниясы, Шығыс Қазақстандағы «Success Minerals Ltd.» компаниясының өкілі, «Р.Е. Алексеев атындағы СПК ОКБ» АҚ өкілдері, «Синьцзяндық «Sanbao» сауда-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШҚ және «Ухань Тяньюань корпорациясы» АҚ өкілдері, «MVI TOP» медициналық орталығының президенті Наталья Хедват, сондай-ақ Франция, Грузия, Беларусь, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері болды.
Әрбір делегация үшін сапардың мақсатына, тілектері мен ерекшеліктеріне сәйкес алдын ала жеке бағдарлама әзірленіп, жан-жақты пысықталды. Сапарлар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімімен немесе жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен кездесулер ұйымдастырылып, онда экономика, білім беру, мәдениет, туризм және инвестициялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қонақтарға өңірдің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, сондай-ақ облыстың тарихи-мәдени көрікті жерлері таныстырылды. Өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына (Шанхай, Алтай және Ухань қалалары) іссапарлары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 26–28 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы «Buqtarma», «Aventura» және «DriveDjeepKz» жетекші туристік операторларымен бірлесіп Шанхай қаласында өткен ITB China 2026 халықаралық туристік B2B көрмесіне қатысты. Көрме барысында өңірдің бірегей табиғи орындары, белсенді, экологиялық және оқиғалық туризм мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан Алтайының жаңа туристік маршруттары таныстырылды.
2026 жылғы 9–10 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласында өткен «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясына қатысты.
Конференция барысында Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика, энергетика және орман өнеркәсібі сияқты экономиканың негізгі бағыттары бойынша өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Форум қатысушыларына перспективалы инвестициялық жобалар, өңірдің бәсекелестік артықшылықтары және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды.
Сонымен қатар, конференция аясында Қытай компанияларының өкілдерімен B2B форматында екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, логистика, энергетика және орман өңдеу салаларына инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.
2026 жылғы 29 маусымда облыс әкімінің орынбасары Б.К. Баяхметовтың «Ухань Тяньюань корпорациясы» ЖШҚ және «Синьцзяндық «Сан Бао» сауда-өнеркәсіп корпорациясы» ЖШҚ өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өткізілген кездесулер мен іссапарлар Шығыс Қазақстан облысының халықаралық байланыстарын нығайтуға, сыртқы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.