1. Жалпы ережелер
1. Сыртқы байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесіне сәйкес мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысы-1 бірлік;
2) бас маман-2 бірлік.
2. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
4. Бөлім өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) облыстық басқармалардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметін үйлестіру арқылы сыртқы байланыстарды нығайту саласындағы қызметті қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ олармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
4) Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
5) халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимылда Қазақстан Республикасының Бірыңғай сыртқы саяси желісінің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шетелдік делегациялар мен ресми тұлғалардың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға хаттамалық-ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, шетелдік делегациялар мен ресми тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады, сапарларды дайындау мен өткізудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
9) басқару ережесінде көзделген өзге де функцияларды орындау;
10) осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
11) сыртқы байланыстарды дамыту мәселелері бойынша әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, әкімдік отырыстарында қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыру;
5. Құқықтары мен міндеттері:
Міндеттерді іске асыру және бекітілген функцияларды жүзеге асыру үшін Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:
1) аудандық (қалалық) әкімдіктерден, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, заңды және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлімнің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) бөлімге бекітілген функцияларды, Басқарма басшылығының және облыстық әкімдіктің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға жауаптар дайындау;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
6. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлімді бөлім басшысы басқарады.
8. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
9. Бөлім Басшысы:
1) Бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;
2) Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындайды және Басқарма басшылығының бекітуіне енгізеді;
3) Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;
4) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтардың, шарттардың және өзге де құжаттамалардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
5) Бөлімнің жұмысын Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттік органдармен қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
6) Бөлім қызметкерлерін жазалау, көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
10. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім қызметкерлерінің біріне Басқарма бұйрығымен жүктеледі.
11. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан Басқарманың басқа бөлімдеріне жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны міндетін атқарушы қол қояды.
12. Осы Ережеге белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітетін толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.