1. Жалпы ережелер
1. Туризмді дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесіне сәйкес мыналардан тұрады:
1) бөлім басшысы-1 бірлік;
2) бас маман-4 бірлік.
2. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
4. Бөлім өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Шығыс Қазақстан облысының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
2) туристік ресурстарды дамыту;
3) туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
4) қолайлы туристік климат құру;
5) облыстың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру;
6) туристік саланы басқару және дамыту мониторингі жүйесін жетілдіру;
7) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
8) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекет пен Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;
9) Облыстың туризм саласына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
10) туризм саласындағы цифрлық сервистер мен платформаларды дамытуды, инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін цифрлық құралдарды пайдалануды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін ілгерілетуді қоса алғанда, туристік саланы цифрландыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Туризм, Инвестициялар және сыртқы байланыстар саласында пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық ресурстарды қорғауды қоса алғанда, Басқарма қызметі саласында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12) туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
14) туристік қызметтер нарығын талдау және уәкілетті органға Шығыс Қазақстан облысының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
15) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
16) туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
17) балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсету;
18) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
19) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
20) туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
21) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
22) гидтерді кәсіби даярлауды ұйымдастыру;
23) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
24) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құру, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
26) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;
27) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
28) уәкілетті органның келісімі бойынша оларды ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі субсидияланатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту;
29) елді мекендерден тыс орналасқан туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
30) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу;
31) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
32) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу;
33) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлар шығындарының бір бөлігін өтеу;
34) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу;
35) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
36) Басқарма ережесінде көзделген өзге де функцияларды орындау;
37) осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
38) әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің туризмді дамыту мәселелері жөніндегі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, әкімдік отырыстарында қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыру;
5. Құқықтары мен міндеттері:
Міндеттерді іске асыру және бекітілген функцияларды жүзеге асыру үшін Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:
1) аудандық (қалалық) әкімдіктерден, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, заңды және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлімнің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) бөлімге бекітілген функцияларды, Басқарма басшылығының және облыстық әкімдіктің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға жауаптар дайындау;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
6. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлімді бөлім басшысы басқарады.
8. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
9. Бөлім Басшысы:
1) Бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;
2) Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындайды және Басқарма басшылығының бекітуіне енгізеді;
3) Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;
4) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтардың, шарттардың және өзге де құжаттамалардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
5) Бөлімнің жұмысын Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттік органдармен қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
6) Бөлім қызметкерлерін жазалау, көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
10. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім қызметкерлерінің біріне Басқарма бұйрығымен жүктеледі.
11. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан Басқарманың басқа бөлімдеріне жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны міндетін атқарушы қол қояды.
12. Осы Ережеге белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітетін толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.