Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасының инвестиция тарту бөлімінің Ережесі

    Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы

    1. Жалпы ережелер

    1. Инвестиция тарту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    3. Бөлім Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесіне сәйкес мыналардан тұрады:

    1) бөлім басшысы-1 бірлік;

    2) бас маман-5 бірлік.

    2. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    4. Бөлім өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) Бекітілген өлшемшарттарға сәйкес құны жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем экономиканың барлық салаларында облыстың инвестициялық жобаларының жалпы өңірлік пулын қалыптастыру;

    2) Облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, инвесторларды тарту үшін өңірдің инвестициялық бағдарламасын қалыптастыру;

    3) облыстың инвестициялық жобаларының проблемалық мәселелері бойынша шешімдерді қарауды және қабылдауды қамтамасыз ете отырып, өңірлік инвестициялық штабтың жұмысын ұйымдастыру;

    4) Өз құзыреті шегінде әлеуетті және іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы мәліметтерді Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы уәкілетті мемлекеттік органға беруді қамтамасыз ету;

    5) Өз құзыреті шегінде мүдделі мекемелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың жалпы өңірлік пулына енгізілген инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

    6) Өз құзыреті шегінде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына инвестициялық жобаларды енгізу процесіне бастамашылық жасауды қамтамасыз ету;

    7) жоба паспортын құруды, жол картасын қалыптастыруды, инвесторға қызмет көрсету үшін мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзыреті шегінде "жасыл дәлізге" енгізілген жобаларды жүргізу;

    8) Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялау;

    9) Шығыс Қазақстан облысының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету;

    10) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуын сүйемелдеу;

    11) инвестициялық жобалар бойынша ұлттық цифрлық инвестициялық платформада ақпаратты қалыптастыру және өзектендіру;

    12) ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, оның ішінде шет мемлекеттің аумағында ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысу;

    13) ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰКО) ақпараттық жүйеде жоба паспортын қалыптастыру, одан кейін инвестициялық жоба инвестициялық жобалардың жалпы өңірлік пулына автоматты түрде енгізіледі;

    14) өңірлік инвестициялық штабтың оң шешімі болған кезде инвестициялық жобаларды жалпы өңірлік және жалпыұлттық пулдан алып тастау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    15) инвестициялық жобаны инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпы өңірлік пулына енгізу процесіне бастамашылық жасау;

    16) инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

    17) облыс аумағында инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;

    18) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

    19) Басқарма ережесінде көзделген өзге де функцияларды орындау;

    20) осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

    21) әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, әкімдік отырыстарында қарау үшін бөлім желісі бойынша мәселелерді дайындауды ұйымдастыру;

    5. Құқықтары мен міндеттері:

    Міндеттерді іске асыру және бекітілген функцияларды жүзеге асыру үшін Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарға ие:

    1) аудандық (қалалық) әкімдіктерден, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, заңды және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

    2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге және басшылықтың қарауына енгізуге;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

    Бөлімнің міндеттеріне мыналар кіреді:

    1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын сақтау;

    2) бөлімге бекітілген функцияларды, Басқарма басшылығының және облыстық әкімдіктің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

    3) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға жауаптар дайындау;

    4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

    3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    6. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

    7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлімді бөлім басшысы басқарады.

    8. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    9. Бөлім Басшысы:

    1) Бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;

    2) Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындайды және Басқарма басшылығының бекітуіне енгізеді;

    3) Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

    4) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтардың, шарттардың және өзге де құжаттамалардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;

    5) Бөлімнің жұмысын Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттік органдармен қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

    6) Бөлім қызметкерлерін жазалау, көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.

    10. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім қызметкерлерінің біріне Басқарма бұйрығымен жүктеледі.

    11. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан Басқарманың басқа бөлімдеріне жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны міндетін атқарушы қол қояды.

    12. Осы Ережеге белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітетін толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.

    Жүктеу
    Положение об отделе привлечения инвестиций Управления туризма и инвестиций Восточно-Казахстанской области
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасы» ММ қызметкерлерінің тізімі

    Басқарма басшылығы Сембинов Ержан Алтайұлы — басшы (туған күні: 24.05.1973; ішкі тел.: 34-02; қалалық тел.: 713-213; ұялы тел.: 8 (777) 154-00-68) Смит Ирина Федоровна — басшының орынбасары (туған күні: 08.09.1972; ішкі...

    Ереже

    Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің Ережесі

    1. Жалпы ережелер 1. Сыртқы байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Консти...

    Ереже

    Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасының инфрақұрылымдық жобаларды және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бөлімі бөлімінің Ережесі

    1. Жалпы ережелер 1. Инфрақұрылымдық жобаларды және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бө...

    Ереже

    Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасының туризмді дамыту бөлімінің Ережесі

    1. Жалпы ережелер 1. Туризмді дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы туризм және инвестиция басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституц...

    Ақпарат

    «ШҚО туризм басқармасы» ММ қызметінде 2025-2026 жылдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    № п/п Рекомендации по итогам ВАКР Мероприятие Информация об исполнении 1 2 3 4 1 Инвестицияларды тарту бөлімі уәкілетті органның, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің атына инвесторлар үшін заттай гранттар шеңберінде алдын а...

    Ақпарат

    ШҚО туризм басқармасының «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметінде 2025-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    № п/п сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауқорытындыларыбойынша ұсынымдар Іс шара Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 1. Сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қатаң сәйкес...

    Ақпарат

    «ШҚО туризм басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жетілдіруге ықпал ететін тәуекелдер тізімі

    № Тәуекел индикаторы /сыбайлас жемқорлық тәукелінің сиппатамасы Іс-шара Аяқтау формасы Жауапты орындаушылар Аяқтау мерзімі 1 2 3 4 5 6 1 Жекелеген жеткізушілердің мүдделерін лоббилеу және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау...

    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

    № Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 Басшы Ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру. Мүлікті иелену, па...