«Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    ·

    Көкпекті ауданы әкімдігінің
    2022 жылғы «___» __________
    №____ қаулысымен бекітілді

    «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет,

    тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің

    Ережесі

    1. Жалпы ереже
    1. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Көкпекті ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
    5. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    6. «Абай «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 171000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Уәлиханов көшесі, 65 А.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    10. Осы ереже «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
    12. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    1. Мемлекеттік органның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
    1. Мемлекеттік органның мақсаттары:
    2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасының орындалуын бақылау.

    14.Құқықтары мен міндеттері:

    1.Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен қаулыларының, басқа да заңнамалық актілердің, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен жарлықтарының, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив іс басқармасына, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына және аудан әкімдігінің осы салаға қатысты қаулыларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.

    2.Өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан белгіленген мерзімдерде ақпарат сұрату және алу;

    3.Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын дайындауға қатысу;

    4.Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    5.Кадрлардың біліктілігін арттыру, дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын жасауға, үйлестіруге қатысу, мәдениет және тіл мамандарымен конференциялар, семинарлар, оқыту мен тәжірибе алмасудың басқа да түрлерін ұйымдастыру;

    1. Аудандық, облыстық мәдени және спорттық шараларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, мәдени және спорттық ұйымдардың қызметкерлеріне мәдениет құрметті атақтар беру мен медальдармен, белгілермен, дипломдармен, жүлдегермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін шешу. Дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерін, аудандық бұқаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін медальдармен, белгілермен, диплом, грамоталармен, жүлделер, бағалы сыйлықтармен марапаттау;

    7.Мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып мәдениет резервтерін дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, мәдениет клубтарының және спорт мектептерінің желілерін дамыту және оларда тіркеу-жаттығу процестерін ұйымдастыруды үйлестіру;

    1. Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
    2. Көкпекті ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
    3. Көкпекті ауданының аумағында ауданның спорттық – дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді.

    11.Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізгі мақсаты – халыққа сапалы кітапханалық –ақпараттық қызмет көрсету, мәдени мұраны сақтау және насихаттау, азаматтардың білім алуға, ақпаратқа және мәдени құндылықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.

    12.Кітапхана қорын жинақтау, сақтау және тиімді пайдалану.

    1. Әдеби, мәдени-көпшілік іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу.

    14.Аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметін үйлестіру.

    15.Мемлекеттік органның функциялары

    1.Бөлімге қатысты бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына басшылық жасау;

    2.Мәдениет саласындағы жұмыстарды орындау;

    3.Тілдерді және әлеуметтік-рухани мәдениетті мониторингілеу мен талдауды ұйымдастыру;

    4.Мәдениет мекемелерінің рухани байлығын кеңінен пайдалану, халықтың моральдық-эстетикалық тәрбиесін сақтау және дамыту;

    5.Мәдениет үйлерінің, кітапханалардың, спорт мектептерінің жұмысын үйлестіру, бақылау және әдістемелік көмек көрсету; мемлекеттік басқару және бақылау тарихы мен мәдениет ескерткіштерін сақтау;

    6.Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын қаржыландыру және нығайту жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру;

    7.Тілдерді дамыту саласында іс-шаралар өткізу. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету.

    8.Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілде №228 «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

    1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
    1. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
    2. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. Бөлім басшысының өкілеттігі:

    1) бөлім қызметкерлерін белгіленген заң талаптарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

    2) бөлім қызметкерлерінің, мекеме басшысы мен жұмыскерлерінің өкілеттіліктері мен міндеттерін айқындайды;

    3) заң талаптарына сәйкес бөлімнің барлық жұмысына басшылық жасайды;

    4) құзырлық негізінде өз иелегіндегі мекемелерге бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;

    5) заң талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың басқа ұйымдармен қарым-қатынастарына өкілдік етеді;

    6) заңмен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіпті шара қолданады;

    7) бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    1. Мемлекеттік органның мүлкі
    1. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік(ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    1. «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    «Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мекемелердің тізбесі:

    1. «Мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
    2. «Абай облысы Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    3. Абай облысы Көкпекті ауданының «Ұлттық спорт ойындарының орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме»
    4. Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    «Көкпекті ауданының

    мәдениет, тілдерді дамыту,

    дене шынықтыру және спорт

    бөлімі» ММ басшысының м.а. Е.Нұрлан

    Жүктеу
    73722dbe7b1a3a09fc25bf84b8091d5c_original.30350.docx
    Положение Государственное учреждение «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Кокпектинского района области Абай»
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа ре...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ОРЫНДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

    № Нысанжәне оның орналасқан жері Кездесу уақыты 1 Көкпекті ауылы, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат 10.00-дан сағат 18.00-ге дейін 2 Биғаш ауылы, ауылдық клуб Дүйсенбіден жұмаға дейін Сағат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал туралы ақпарат

    Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. 2026 жылдың басынан бері дінаралық қарым-қатынаста қақтығыстар болған жоқ. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуда. Көкпекті ауданында...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы

    Ауданда 14 пен 35жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239адамды құрайды. Оның ішінде 1652 ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданында отбасы институтын нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл мақсатта ауданда «Әйелдер істері және отбасылық-де...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс туралы Ақпарат

    Көкпекті ауданында 7 қоғамдық бірлестік, 2 қоғамдық қор тіркелген . «Абай облысы Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесі» ҚБ «Көкпекті ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» ҚБ «Көкпекті жастары» ҚБ «Асыл ана»...

    Жарияланды:
    Кесте

    Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2026 жылдың І-жартыжылдығында халықпен кездесу КҮНТІЗБЕСІ

    Абайоблысы Көкпекті ауданының әкімі 13.04.2026 ж. 10.00 13.04.2026 ж. 12.00 13.04.2026 ж. 14.00 14.04.2026 ж. 11.00 14.04.2026 ж. 12.00 14.04.2026 ж. 14.00 15.04.2026 ж. 10.00 15.04.2026 ж. 11.00 16.04.2026 ж. 10.00 16.0...

    Жарияланды:
    Шешім

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа ре...

    Жарияланды: