«Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарасу аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасын ( бұдан әрі - шешім жобасы) әзірледі.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес әзірленді;
Шешім жобасын қабылдау жекелеген санаттағы тұлғаларды әлеуметтік қолдау үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Қарасу ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.