«Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қарасу ауданының әкімдігі

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамддар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларында:

    7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде портал арқылы жүзеге асырады. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты осы Қағидаларға 3-1-қосымшамен көзделеді.»;

    36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «36. Өтініш беруші порталда жеке көмекші қызметіне тапсырысты ресімдейді және оны өнім берушіге жібереді.»;

    37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Өнім беруші тапсырысты қабылдау туралы хабарландырумен бір мезетте өтініш берушіге және жұмыспен қамту қалалық басқармасына немесе бөліміне жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсетудің үлгілік шартын қол қоюға жібереді.»;

    мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

    «37-1. Жеке көмекшінің өтеулі қызметтерін көрсету шарты қол қоюға түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны өтініш беруші мен жұмыспен қамту қалалық басқармасы немесе бөлімі қарайды және қол қояды.»;

    38-тармақта:

    екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Есепке алу тек қызметтің көрсетілу фактісі мен көлемін тіркеу үшін жүзеге асырылады.»;

    мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

    «Жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) кезінде өнім беруші қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) – АОЖБ-ны жабу күніне дейін көрсетілген қызметтерді есепке алу журналына жазуды жүзеге асырады.»

    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «41. АОЖБ-да көзделген қызметтер көлемі қызмет көрсетудің міндетті күнделікті көлемін белгілемейді. Қызмет көрсету қажеттілік туындауына қарай жүзеге асырылады.

    Жеке көмекшінің бір қызметі үшін ақы мөлшерін есептеу бір алып жүру қызметі бойынша қызмет көрсету уақыты 4 сағаттан және айына барлығы 60 (алпыс) алып жүру қызметінен аспайтын бір қызмет үшін тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 54,56 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі. Төлем іс жүзінде көрсетілетін қызметтер үшін жүргізіледі.

    Жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметтер санын:

    • мүгедектігі бар адамдардың объектілерге бару жиілігін ескере отырып, өңірлік ерекшеліктер негізінде;

    2) мәдени-бұқаралық және өзге іс-шаралар объектілеріне бару үшін жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай ұлғайта алады.»;

    42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. Жеке көмекші қызметтері үшін кепілдендірілген соманы өтеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілген қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;

    43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «43. Жеке көмекші қызметтері үшін төлем өнім беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес жеке көмекшімен алып жүру парағын берумен, қалалық басқармалар немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне ұсынған (бұдан әрі – төлемге арналған құжаттар) күннен кейін 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады.

    Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

    Өнім беруші бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған кезде төлем құжаттарын қайтыс болған күннен бастап бір ай ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қолын қоймай ұсынады.»;

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында орналастыруды;

    3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне оның орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    Результаты согласования

    Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Серик Нуртазаевич Беркамалов, 26.06.2026 18:17:32, положительный результат проверки ЭЦП

    Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Лаура Канатовна Мерсалимова, 30.06.2026 14:54:30, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев, 30.06.2026 17:46:07, положительный результат проверки ЭЦП

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ерте кәсіби дайындық-қазіргі заманғы мемлекеттік қызметке жаңа қадам

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғыртуды көздейтін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қолданылады. Азаматтарды мемлекеттік қызметке ерте кәсіби д...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

    Мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

    Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқор...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Басқа

    Қарасу ауданының азаматтық бюджеті – 2026-2028 жылдар

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 282 «Қарасу ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарасу аудандық мәслихатының шешімінің жобасы бойынша баспасөз-релизі

    Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 282 «Қарасу ауданының ауылдар және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарасу аудандық мәслихатының шешімінің ж...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылдың 3-тоқсанында «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

    Азаматтарды алдын ала жазу Қарасу ауданы әкімінің аппаратында 21-5-95 телефонарқылы жүргізіледі.«Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Әдеп кодексі»Мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының «Мемл...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды: