1-тарау. Жалпы ережелер
1. Стационарлық көмек бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны белгіленген штат санының лимиті шегінде Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4. Бөлімнің құрамына:
бөлім басшысы – 1 бірлік;
бас мамандар – 2 бірлік кіреді.
2-тарау. Бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттері
1. Негізгі міндеттері:
1.облыс халқына стационарлық медициналық көмекті ұйымдастыруды үйлестіру;
2.стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
3.стационарлық көмектің қолжетімділігі мен сапасына мониторинг жүргізу;
стационарлық медициналық көмек көрсеткіштерін талдау;
4.стационарлық көмек көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингтеу;
5.медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
басқарма басшылығына талдамалық ақпараттар, анықтамалар және ұсыныстар дайындау.
2. Құқықтары мен міндеттері
Бөлімнің құқықтары:
1.өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты, есептерді және құжаттарды сұратуға және алуға;
2.медициналық ұйымдардың мамандарын жұмыс кездесулеріне, кеңестерге жұмыс топтарына тартуға;
3.басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
4.кеңестердин, комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
медициналық ұйымдардың статистикалық және талдамалық ақпаратын сұратуға.
Бөлімнің міндеттері:
1.Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2.жүктелген тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау;
3.сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау;
4.мемлекеттік қызмет әдебі мен қызметтік тәртіпті сақтау;
5.қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету.
3. Бөлімнің функциялары
Стационарлық көмек саласында:
1.стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіру;
2.стационарлық медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізу;
3.медициналық ұйымдардың стационарлық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау;
4.төсек қорының тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу;
медициналық ұйымдардың стационарлық бөлімшелерінің қызметін5.ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру;
6.жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу;
7.пациенттерді өңірлендіру және медициналық көмек көрсету маршруттарының сақталуын талдау;
8.бейінді ахуалдық орталықтардың қызметін үйлестіру және мониторингтеу;
стационарлық көмек көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардың орындалуын үйлестіру.
Жалпы функциялары:
1.бұйрықтардың жобаларын дайындау;
2.хаттардың жобаларын дайындау;
3.талдамалық материалдарды, анықтамаларды және есептерді дайындау;
4.жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5.e-Otinish,eGov,Documentologжәне басқа ақпараттық жүйелер арқылы келіп түсетін құжаттарды қарау және жауаптар дайындау;
6.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрліге есептілікті дайындау;
7.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі заңнамалық актілерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Бөлімнің қосымша функциялары:
1.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің Бөлімнің құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын құжаттардың берілген өкілеттіктер мен белгіленген рұқсат шеңберінде орындалуын қамтамасыз етеді;
2.жеке және заңды тұлғалардың Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;
3.Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
4.Бөлімге келіп түскен өтініштерді, тапсырмаларды және өзге де құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қарауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5.Бөлімнің бақылауындағы тапсырмалардың, өтініштердің және өзге де бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуына мониторинг жүргізеді;
6.келіп түскен өтініштерге, тапсырмаларға және өзге де құжаттарға талдау жүргізеді, жүйелі мәселелерді анықтайды және оларды шешу бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;
7.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті іс жүргізуді, құжаттардың есебін жүргізуді және сақталуын қамтамасыз етеді;
8.Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарманың ережесіне және осы Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлім қызметін ұйымдастыру
1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы:
1.бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2.бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын ұйымдастырады;
3.Басқарма басшылығының тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
4.бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;
5.атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді;
6.бөлімнің қызметі үшін дербес жауапты болады.
7. Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлім қызметін жетілдіру, бөлімнің құрылымы мен штат саны, стационарлық медициналық көмекті жетілдіру және бөлім құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
8. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін Басқарма басшысының бұйрығымен айқындалған бас маман орындайды.
9. Бас маман өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді, бұйрықтардың, хаттардың, талдамалық материалдар мен есептердің жобаларын дайындауға қатысады және өзіне берілген өкілеттіктер шегінде бөлім басшысының міндеттерін орындайды.
10. Бөлімде дайындалған құжаттарға бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
11. Бөлім өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен, медициналық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4-тарау. Жауапкершілік
1. Бөлім өзіне жүктелген функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуына, ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуына, қызметтік ақпараттың сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ жоғары тұрған органдар мен Басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуына жауапты болады.